Жол-көлік оқиғасын сараптау

Сипаттама: Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) объективті себептерін және оның мән-жайларын анықтауға, ЖКО бойынша құқықтық шешімге сапалы техникалық негіз жасау үшін оның барлық фазаларында ЖКО қатысушыларының іс-қимылының үрдісі мен сипатының даму серпініне байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Білім алушы алған білімдері мен дағдыларын пайдалану негізінде тасымалдау қызметін ұйымдастыру және көлік үрдісінің қауіпсіздігі кезінде ұйымдастырушылық, ғылыми және техникалық міндеттерді сауатты шеше алуы үшін ЖКО-ны тексеру және сараптау әдістерін білу негізінде өндірістік міндеттерді шешуге дайындау.
Міндет
  • Автомобиль жолдары мен қалаларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ЖКО сараптамасын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ЖКО-ның негізгі себептерін, ЖКО-ны тергеудің жалпы қағидаларын, арнайы ЖКО-ын тергеу ерекшеліктерін, ЖКО-ын сараптау негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ЖКО орнын қарау, ЖКО қатысушыларының қозғалысын есептеуді қоса алғанда, ЖКО-ға сараптамалық зерттеу жүргізу, ЖКО-ның алдын-алудың техникалық мүмкіндігін зерттеу, көлік құралдарына сараптама жүргізу және бағалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ЖКО жағдайларын сараптамалық зерттеу, ЖКО-ның сараптамасын автоматтандыруды қоса алғанда, ЖКО-ын алдын-алудың техникалық мүмкіндігін зерттеу кезінде ЖКО-на қатысушыларының қозғалыс ерекшеліктері мен сипатын ескеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ЖКО сараптамасын жетілдіру есебінен тасымалдау қызметтерін ұйымдастыру және көлік үрдісінің қауіпсіздігі саласында кәсіби қызметпен талап етілетін білімдер мен іскерліктерге маманның біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызмет пен мамандық бойынша білім алуды жалғастыру үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру.
Негізгі әдебиет
  • 1. Иларионов В.А. Экспертиза дорожно-транспортных происшествий: Учебник для вузов/ В.А. Иларионов. – М.: Транспорт, 1989. – 255 с. 2. Иларионов В.А. Экспертный анализ наезда автомобиля на пешехода: Учебное пособие/ В.А. Иларионов. – М.: МАДИ, 1988. – 35 с. 3. Пучкин В.А. Основы экспертного анализа дорожно-транспортных происшествий: База данных. Экспертная техника. Методы решений/ В.А. Пучкин. – Ростов н/Д: ИПО ПИ ЮФУ, 2010. – 400 с. 4. Столяров В.В. Теория риска в судебно-технической экспертизе ДТП с участием пешеходов: Монография/ В.В. Столяров. – Саратов: Изд-во СГТУ, 2010. – 344 с. 5. Чава И.И. Судебная автотехническая экспертиза. Исследование обс-тоятельств дорожно-транспортного происшествия: Учебно-методическое пособие/ И.И. Чава. – М.: ИЦ ИПК РФЦСЭ, 2007. – 98 с.