Көлік құралдарынның қауіпсіздігі

Сипаттама: Пән автокөлік құралдарының қауіпсіздігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін анықтайтын негізгі конструктивтік және пайдалану факторларын, сондай-ақ көлік құралдарының конструкциясы мен пайдалану шарттарын жетілдіру есебінен жол жүріс қауіпсіздігін арттыру әдістерін зерделеуді қарастырады

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларда көлік құралдарының қауіпсіздігі, көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды нормативтік реттеу және стандарттау, олардың қоршаған ортаға әсері туралы негізгі ұғымдар саласында кәсіби білім жүйесін қалыптастыру.
Міндет
  • Білім алушыларда көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігі (белсенді, пассивті, авариядан кейінгі және экологиялық қауіпсіздік) саласында кең теориялық дайындықты құру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көлік құралдарының конструкциясына қойылатын негізгі техникалық-экономикалық талаптарды және оларды іске асырудың қолданыстағы ғылыми-техникалық құралдарын, көлік құралдары қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерін анықтаудың есептік және тәжірибелік әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігінің негізгі жүйелері мен элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу дағдысын, көлік құралдарының конструкциясына және олардың техникалық деңгейіне талдау жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Көлік құралдарын пайдалану және жол қозғалысын ұйымдастыру процесінде қауіпсіздік көрсеткіштерінің конструктивтік ерекшеліктері мен өзгеру сипатын ескеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігін жетілдіру есебінен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметпен талап етілетін білімдер мен іс-әрекеттерге маманның біліктілік сипаттамасына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызмет және мамандық бойынша білім алуды жалғастыру үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру.
Негізгі әдебиет
  • 1 Гудков В.А. Безопасность транспортных средств (автомобили): Учебное пособие для вузов/ В.А. Гудков, Ю.Я. Комаров, А.И. Рябчинский, В.Н. Федотов. – М.: Горячая линия-Телеком, 2010. – 431 с. 2 Ломакин В.В. Безопасность транспортных средств: Учебник для вузов/ В.В. Ломакин, Ю.Ю. Покровский, И.С. Степанов, О.Г. Гоманчук; под общ. ред. В.В. Ломакина. – М.: МГТУ «МАМИ», 2011. – 299 с. 3 Рябчинский А.И. Пассивная безопасность автотранспортных средств: Монография/ А.И. Рябчинский. – М.: МАДИ, 2016. – 156 с. 4 Яхьяев Н.Я. Безопасность транспортных средств: Учебник для вузов/ Н.Я. Яхьяев. – М.: ИЦ «Академия», 2011. – 432 с.