Көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру

Сипаттама: Пән жүк пен жолаушыларды жеткізуді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәсілдерін зерделеуді қарастырады. Жүк және жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамы жұмысының негізгі көрсеткіштерін, қозғалыс бағыттарын, көлік құралдарының жіктелуін, қозғалысты ұйымдастыру мен қауіпсіздігін талдау мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ жүктер мен жолаушыларды жеткізудің көлік жүйелерінің қолданыстағы инфрақұрылымының негізгі параметрлерін бағалауға назар аударылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл пәнді оқытудың мақсаты автомобиль көлігімен жүк пен жолаушыларды жеткізуді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен әдістерін, жол қозғалысын ұйымдастырудың теориялық негіздері мен әдістерін оқу, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің көше мен жолдарда қозғалысын сипаттайтын параметрлермен танысу және көлік процесін жоспарлау мен басқарудың практикалық дағдыларын меңгеру болып табылады.
Міндет
  • жүктерді және жолаушыларды жеткізу процесін ұйымдастыру туралы негізгі теориялық ережелерді білу; тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жағдайлар жасау үшін теориялық білімді қолдана білу; тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару саласындағы инженерлік міндеттерді шешудің практикалық дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тасымалдауды ұйымдастырудың анық өзіндік ерекшелігін білу; қозғалысты басқару; жүктер мен жолаушыларды жеткізуді ұйымдастырудағы көлік құалдарын тиімді пайдалануды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды арттыруға апаратын жағдайларды жасауда теориялық білімін қолдана білу; жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі; жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қозғалысының сипаттамасы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жүктер мен жолаушыларды жеткізу үрдісін тиімді ұйымдастыру қабілеттілігін қалыптастыру, сондай ақ жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздік үрдісін.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Тасымалдау үрдісінің тиімділігін арттыруда және жол қозғалысын ұйымдастыруда теориялық білімін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы маманның біліктілік сипатының қойылатын талаптарына жету деңгейі.
Негізгі әдебиет
  • 1 Бабков В.Ф. Дорожные условия и безопасность движения: Учеб. для вузов. – М., Транспорт, 2005-208 с. 2 Горев А.Э. Грузовые автомобильные перевозки. – М. «Академия», 2004 3 Клинковштейн Г.И., Афанасьев М.б. Организация дорожного движения: Учеб. для вузов. – М., Транспорт, 2001