Қозғалысты ұйымдастырудың инженерлік негіздері

Сипаттама: Көлік және жаяу жүргіншілер ағынының сипаттамаларын зерттеу әдістерін, жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік бағыттарын және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісінде әртүрлі жағдайларда қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік іс-шараларды қоса алғанда, жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлік негіздерін зерделеуді көздейді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларда еліміздегі автомобильдендірудің жоғары деңгейі жағдайында жер үсті көлігін пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі болып табылатын жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлік негіздері саласындағы білім жүйесін қалыптастыру.
Міндет
  • жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлік негіздерімен танысу; жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы нормативтік құжаттарды зерделеу; көлік және жаяу жүргіншілер ағынының негізгі сипаттамаларын зерттеу; жол қозғалысын зерттеудің негізгі әдістерімен танысу; қазіргі жағдайда жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен типтік тәсілдерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлік негіздері, оның қазіргі жағдайдағы міндеттері мен мүмкіндіктері; - Қазақстан Республикасында қолданылатын жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы нормативтік құжаттар; - жол қозғалысының жай-күйін зерттеу және қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау әдістері; - жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлар, оны қозғалысты ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерімен қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • -қаланың көше-жол желісі объектісінде қозғалысты ұйымдастырудың ұсынылған сұлбаларының қажетті нобайларымен жол қозғалысын ұйымдастыруды жобалауға техникалық тапсырма құрастыру; - қажетті техникалық құралдарды қолдана отырып, көшелер мен жолдарда қозғалысты ұйымдастырудың сапасына нақты тексеру жүргізу; - "тар" және "қауіпті" телімдерді анықтау және қозғалысты ұйымдастыру әдістерімен оларды жою бойынша негізделген ұсыныстарды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлік негіздерін өз бетінше зерттеу барысында алынған ақпаратты жүйелеу әдістері мен құралдарын; қалалардың немесе автомобиль жолдарының көше-жол желісінің нақты жағдайларында жол қозғалысын ұйымдастырудың ұтымды сызбаларын жоспарлау, жобалау және енгізу әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникативтік салада базалық білімді меңгеру, кәсіби қызмет саласында шет тілдерін еркін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа арнайы білім алу және магистратурада білім алуды жалғастыру дағдыларын меңгеру.
Негізгі әдебиет
  • 1 Воля П.А. Организация движения: Учебное пособие/ П.А. Воля, И.А. Новиков, Ю.В. Семикопенко, Л.Е. Гай. – Белгород: Изд-во БГТУ им. В.Г. Шухова, 2012. – 287 с. 2 Клинковштейн Г.И. Организация дорожного движения: Учеб. для вузов/ Г.И. Клинковштейн, М.Б. Афанасьев. – М.: Транспорт, 2001. – 247 с. 3 Организация дорожного движения в городах: Методическое пособие/ под общ. ред. Ю.Д. Шелкова. – М.: НИЦ ГАИ МВД РФ, 1995. – 143 с. 4 Пугачев И.Н. Организация дорожного движения: Учебное пособие/ И.Н. Пугачев, А.Э. Горев, А.И. Солодкий, А.В. Белов; под ред. А.Э. Горева. – М.: ИЦ «Академия», 2013. – 240 с.