Машина жасау технологиясы

Сипаттама: Механикалық өңдеудің технологиялық процестерін әзірлеу әдістері, дайындамаларды алу әдісін таңдау, жабдықтарды, айлабұйымдар мен құралдарды таңдау, топтық және үлгілік бөлшектер үшін технологиялық құжаттаманы жасау. Механикалық өңдеудің технологиялық үдерісін таңдау. Жарамды бөлшекті алу тәсілін таңдау. Технологиялық құжатты әзірлеу.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің топтық және типтік бөлшектерді механикалық өңдеудің технологиялық процестері туралы білім алуы
  • Студенттердің топтық және типтік бөлшектердің технологиялық процестерінің әдістері туралы білім алуы
  • Топтық және типтік бөлшектер үшін технологиялық құжаттарды құрастыру бойынша студенттердің білім алу
Міндет
  • Бөлшектер тобына арналған механикалық өңдеудің технологиялық процестерін әзірлеудің заманауи әдістерін зерттеу
  • Топтық және типтік бөлшектерді алудың қазіргі заманғы әдістерін білу
  • Топтық және типтік бөлшектерге арналған қазіргі заманғы технологиялық құжаттармен танысу
  • Механикалық өңдеу сапасын бақылаудың заманауи әдістерімен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттердің технологиялық процесстерді механикаландыру. Автоматтандыру бағытында бөлшек өндеудің қазіргі заманға сай тәсілдерімен таныстыру
  • Типтік және топтық бөлшектерді алудың заманауи әдістері
  • Заманауй технологиялық құжаттар
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Механикалық өңдеудің технологиялық процесін құру
  • Ары қарай практикалық қызметте техпроцессті құру дағдыларын қолдану
  • Технологиялық құжаттарды дұрыс безендіру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Мезханикалық өңдеудің оңтайлы технологиялық үдерісін таңдау
  • Бөлшектерді алудың ең тиімді әдісін таңдау
  • Жаңа технологиялық құжаттарға технологиялық үдеріс әзірлеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Негізгі құзыреттер: Бастапқы және жаңа жетістіктерді қолдана білу қабілеті, - өндірістік жағдайларда ұйымдық-басқару шешімін қабылдай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Студенттердің курстық жоба мен үш практикалық жұмыс орындау есебінде ЕСТД стандарттарына сәйкес ресімдеуімен материал шығын нормасы, уақыт нормасы, кесу режимін есептеумен құрастыру бірлігін және нақты бөлшектерді жасау бойынша бастапқы практикалық қабілет алуы
  • Жарамды бөлшекті алу тәсілін таңдау
  • Технологиялық құжатты әзірлеу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тісті беттерді өңдеу технологиясы. Тісті беттердің түрлері және олардың дәлдігі. Тістердің түріне, тісті ілініс дәлдігіне, өндіріс түріне қарай тісті кесудің прогрессивті тәсілдері. Тістерді өңдеу. Тісті доңғалақтарды бақылау
  • Станиналарды, рамаларды, тіреулерді дайындау технологиясы. Мақсаты, құрылымы және техникалық талаптар. Технологиялық процестің орналасу және құру ерекшеліктері. Типтік технологиялық бағыт. Қартаю процестері. Технологиялық операцияларды орындау ерекшеліктері (жабдықтар мен құрал-саймандар). Бағыттауыштарды өңдеу тәсілдері. Станин сапасын бақылау.
  • Корпустық бөлшектерді жасау технологиясы. Корпустардың жіктелуі, оларға қойылатын техникалық талаптар. Технологиялық процестің орналасу және құру ерекшеліктері. Типтік технологиялық бағыт. Технологиялық операцияларды орындау ерекшеліктері. Корпустардың технологиялылығы бойынша талаптар.
  • Иінтіректер, шанышқылар жасау технологиясы. Иінтіректер мен шанышқылардың жіктелуі, оларға қойылатын техникалық талаптар. Өндіріс түріне байланысты технологиялық процестің орналасу және құру ерекшеліктері.
  • Машиналарды құрастыру технологиясы. Машиналарды дайындау процесіндегі құрастыру мәні. Құрастыру түрлерінің жіктелуі. Құрастырудың ұйымдастыру формалары. Құрастыру техпроцестерін әзірлеу тәртібі және олардың құрамы. Құрастырудың қажетті дәлдігіне жету әдістері. Құрастыру схемасы. Типтік қосылыстарды құрастыру технологиясының ерекшеліктері. Бөлшектерді жуу. Бұйымдарды консервациялау және орау
  • Бөлшектерді өңдеудің жаңа заманауи әдістері.Машина жасаудағы өңдеудің жаңа әдістерінің бағыттары. Ротациялық кесу, плазмалық-механикалық өңдеу, виброөңдеу және қылшықтарды жоюдың басқа да прогрессивті әдістері, электроконтактілі электрохимиялық, ультрадыбыстық, лазерлік өңдеу, магнитоабразивті Жылтырату, финишті безобразивті антифрикциялық өңдеу. Жаңа аспаптық материалдар және ӨЖ. Өлшеу құралдарындағы, аспаптар мен машиналардағы Электроника. Қазіргі заманғы машина жасау үрдісі.
  • Технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру бағыттары. Бөлшектерді орнату мен алуды механикаландыру және автоматтандыру, оны баптау, жоңқаларды жою, бөлшектерді бақылау құралын ауыстыру. Икемді автоматтандырылған өндірістер, автоматты желілер, цехтар – автоматтар.
Негізгі әдебиет
  • Вороненко В.П. Проектирование машиностроительного производства. - .М.: Дрофа, 2016
  • Мачульский А.Г., Ғабдысалық Р. Методические указания по курсовому проектированию для студентов всех форм обучения. – ВКГТУ, 2017.
Қосымша әдебиеттер
  • Технология машиностроения / Под ред. Г.Н. Мельникова. - .М.: МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2007
  • Вороненко В.П. Машиностроительное производство. - .М.: Академия, 2001