Машиналық сызба

Сипаттама: CAD жүйелерін, Компас-3D бағдарламасын меңгеруге бағытталған, осы бағдарламаны оқығаннан кейін студент түрлі тақырыптағы сызбаларды сызып, бірге жүретін құжаттарды жасай алады, сондай-ақ әртүрлі жобаларды жасау үдерісін автоматтандыру мүмкіндігін компоненттерді: үш өлшемді қатты денені модельдеу жүйесін, «Компас-График» әмбебап автоматтандырылған жобалау жүйесін және құжаттама жасау модулін пайдалана отырып меңгереді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәндерді оқып-үйрену мақсаты студенттерді жобалау жұмыстарының өнімділігін үш-төрт есеге арттыратын компьютерлік дизайн саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру болып табылады. Пәндерді оқудың түпкі мақсаты - жобалық құжаттаманы енгізу кезінде АЖЖ пайдалану бойынша білім, дағдылар мен қабілеттерін дамыту.
Міндет
  • Графикалық бағдарламаларды меңгеру. Дененің геометриялық қасиетін оның жазықтықтағы кескіні бойынша сызуды үйрену; - 3D форматында жұмыс жасау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Графикалық пәндер түлектердің жоғары білікті болуына, кең көз қарас пен инженерлік ойдың қалыптасуына әсер етеді; қоғамдық қағидаларға негізделген құндылықтар, және өзінің кәсіби қызметінде оларға бейімделуі; конструкторлық құжаттар жасау заңдылықтары мен графикалық бағдарламалар туралы ғылыми түсініктер алу; мемлекеттік стандарттарды білу - графикалық бағдарламалармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Негізгі білімді әртүрлі конструкторлық шешім табу жағдайында қолдана білу; күнделікті қажетті кәсіби деңгейді көтеру және білімді жалғастыру мен жетілдіру үшін жорамалдар ұсыну - қазіргі заман талабына сай ақпараттықтар мен бағдарламаларды қолдану; графикалық бағдарламаларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бірлесе жұмыс істей алу, өзінің көзқарасының инабатты түрде қорғау, жаңа шешімдер ұсыну.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қауымдастықтың пікірімен санасу, дұрыс шешім қабылда;. іскер этиканің қағидаларын сақтау; этикалық және адамгершілік қағидаларды білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби қызыметте қажет болатын жаңа бағдарламаларды меңгеру (курстық жұмыстар мен диплом жобасын жасау үшін) білімін ары қарай жетілдіру
Негізгі әдебиет
  • 1.Потемкин А. Инженерная графика. Просто и доступно, М., «Лори»,2011,492с. 2 ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей,М.,1988г.,268с. 4 ЕСКД. Основные положения, М., 1984г., 341с. 3. ПотемкинА.Е. Твердотельное моделирование в системе КОМПАС -3D- СПб.: БХВ-Петербург, 2014.-512с.:ил.
Қосымша әдебиеттер
  • Мелкозёрова Л. Я. МАШИННАЯ ГРАФИКА: Конспект лекций для студентов дневной и заочной форм обучения / ВКГТУ. Усть-Каменогорск, 2018, 58 с..