Инженерлік және компьютерлік графика

Курманова Даметык Тайтуковна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс сызба геометриясының элементтерін де, техникалық сызбаны да қамтиды. Курста сызбаларды, геометриялық құрылымдарды және проекциялық сызбаларды орындау туралы қажетті ақпарат қарастырылады. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеуге және ресімдеуге ерекше назар аударылды. AutoCad бағдарламасын игеру студенттерге осы бағдарламаның құралдарын қолдана отырып құжаттама жасауға, сонымен қатар әртүрлі жобаларды құру процесін автоматтандыру мүмкіндігін игеруге мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 45
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны шығармашылық емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Инженерлік және компьютерлік графика пәнін оқытудың мақсаты тәжірибелі есептерді шешу нәтижелі болу үшін студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыру, жаңа графикалық түсініктермен таныстыру (мысалы: сызық, масштаб, қаріп), сонымен қатар, ертеден белгілі графикалық түсініктермен жұмыс істеу әдістерін және жаңа көзқарас қалыптастыру (мысылы: Монж эпюрі, центрлік проекциялау, параллель проекциялау), кеңістікте елестету қорын кеңейту және оларды бір жүйеге келтіріп бекіту болып табылады.
Міндет
  • Инженерлік және компьютерлік графика пәнінің негізгі міндеттері сызба геометрия және инженерлік графика пәнінің негізгі түсініктерімен, анықтамаларымен таныстыру; КҚБЖ – нің негізгі қағидаларын үйрету, оларды тәжірибеде қолдана білуге және алған білімдерін келесі пәндерді оқу барысында (электротехника, қолданбалы механика және т.б.) курстық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауда қолдана алуға дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерлік және компьютерлік графика пәнін оқыту нәтижесінде студент білуге тиіс: - проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық тетікбөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық элементтердің механизмдері мен машиналарын, принциптерін, түйіндерін; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыру, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • • сызбаларды жасау техникасы туралы; • КҚБЖ стандарттарын қолдану туралы; • ортогональды және аксонометриялық сызбаларды салыстыруда кеңістіктік бейнелеу және елестету.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Құзыреттері: – базалық және профильді пәндерді меңгеруге, болашақта инженерлік іс-әрекетті ойдағыдай орындауға қажет білім алу мүмкіндігі; – меңгерілген білім негізінде инженерлік графика және сызба жұмыстары міндеттерін тұжырымдау; – инженерлік графикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылары: - кеңістік элементтерін жазықтықта кескіндеу тәсілдері, бұл кескіндер көмегімен геометриялық сипаттағы есеп шығару жолдары, сызбаны орындау мен рәсімдеудің негізгі ережелері мен заңдылықтарын оқып – білу; - бұйым сызбасын оқу және орындау; - ұқыптылыққа, зеректікке, инженерлік тұрғыдан ойлауға және басқа қасиеттерге ие болу.
Оқыту әдістері

Жүйелілік. Оқу мақсаттарының диагностикасы; Оқу процесін технологияландыру. Пәнді оқыту үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Теориялық курс мультимедиялық түрде ұсынылған. Мәтіндік, аудио және бейне ақпарат, графиктер, сызбалар және т. б. қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Эпюр. 1,2 есептер (метрикалық есеп, түзудің іздері) Эпюр. 3,4,5 есептер (түзулердің өзара орналасуы) 0-100
1Эпюр. 6, 7, 8,9 есептер (жазықтық, жазықтықтың негізгі сызықтары)
2Эпюр. 1, 2,3 есептер. 1) Екі жазық беттің қиылысу сызығын салу2)Жазық денелердің біреуінен 50мм қашықтықта орналасқан және оған параллель болатын жазықтықты салу 3)АВС үшбұрышының биіктігін салу
2  рейтинг Проекциялық сызу. Көріністер 0-100
Проекциялық сызу. Тіліктер.
Проекциялық сызу. Қималар.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • «Инженерлік және компьютерлік графика» пәніне кіріспе
  • Кешенді сызбаларды құру (Moнж эпюрі)
  • Кешенді сызбаларды құру (Moнж эпюрі)
  • Жазықтық
  • Жазықтық
  • Жазықтық
  • CAD жүйелері, AutoCAD графикалық бағдарламасының атқаратын қызметі
  • Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі
  • МСТ 2
  • Аннотация панелі
  • AutoCAD-та сызу объектілерін редакциялау: объектілерді таңдау, редакциялау командалары
  • Сызбадағы кескіндерді орындау ережелері
  • Сызбадағы кескіндерді орындау ережелері
  • Аксонометриялық проекциялар
  • Ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар
Негізгі әдебиет
  • 1. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. – 2-е изд., перераб. – М.: ДМК Пресс, 2017. – 592 с. 2. Чекмарев, А. А. Инженерная графика : учебник для прикладного бакалавриата / 13-е изд., испр. и доп. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. — 389 с 3. ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей,М.,2011г.,268с. 4. ЕСКД. Основные положения, М., 1984г., 341с. 5. Короев Ю.И. Черчение для строителей: Учеб. для проф. учеб. заведений. – 6-е изд., стер. – М.: Высш.шк., Изд. центр «Академия», 2017. – 256 с.: ил. 6. http://www. granitvtd. ru/ - Справочник по черчению. 7. http://engineering-graphics. spb. ru/book. php - Электронный учебник 8. Мелкозёрова Л. Я. Инженерная и компьютерная графика: Конспект лекций для студентов ГМФ/ ВКГТУ. Усть-Каменогорск, 2011, 106 с. 9. Есполова З.А., Мошнинова Г.Н. "Инженерлік графика" электронды оқу құралы, Өскемен,2012 https://www.do.ektu.kz/Protected/TextbookService/ElBook/Eng_graph_kaz_net/Data/Index.htm 10. Есполова З.А., Мошнинова Г.Н., Курманова Д.Т."Жұмыс дәптері", Өскемен, 2012 https://www.do.ektu.kz/Protected/TextbookService/ElBook/Work_geometry_kaz_net/Data/Index.htm
Қосымша әдебиеттер
  • 11. Каменских Л.В., Есполова З.А. "Құрылыс сызбалары негіздері" Өскемен, 2009, https://www.do.ektu.kz/Protected/TextbookService/ElBook/Design_rules_kaz_net/Data/Index.htm 12. Есполова З.А., Каменских Л.В. "Инженерлік графика II (Компьютерлік графика AutoCAD негізінде)",Өскемен, ЭО, ШҚМТУ, 2010. https://www.do.ektu.kz/Protected/TextbookService/ElBook/Comp_drawing_kaz_.