Тау-кен жұмыстарының технологиясы

Сипаттама: Пайдалы қазбаларды жер астынан қазып алу технологиясының негіздері, ашылу, дайындау және әзірлеу жүйесінің әдіс-тәсілдерін нақты тау-геологиялық жағдайлары үшін негіздеу және таңдау және олардың параметрлерін анықтау. Жерасты қазбаларында өндірістік процестердің механикаландыру әдістері және орындалуын ұйымдастыру.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәнін оқытудың мақсаты тау-кен өндірісінің қазіргі жағдайы, жерасты алу, қоршаған ортаны қорғау, арнаулы алу әдістері және қай бағытта дамуы туралы түсініктері білу керек.
Міндет
  • қазіргі заманға сай тау – кен өндіру өнеркәсіптерінде қолданылатын, сонымен қатар өндірісте апробациядан өткен, қазіргі заманға сай шығарылған тау машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары және конструктивті қабілеттілігі, жұмыс процестері, қондырғылары, классификациясы қолдану аймағы, қызметін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тау—кен кәсіпорнындағы кенорнын қазу жүйелері; Жерасты және ашық алудағы механикаландыру жабдықтары; Негізгі тау- кен технологиялық есептеуді үйрену; Техника- экономикалық көрсеткіштерді білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тау- кен технологияларын, қазіргі пайдалы қазбалы кен орындарын алудағы технологиялық бағыттары. Кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәні бойынша баяндамалар жазу, көрнекі материалдар дайындай алу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Тау- кен жұмыстары туралы түсініктеме, пайдалы қазбалардың жатыс сипаттамалары жайлы ұғым. Қазбаларды жүргізудің технологиялық үдірістері;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кендік, геологиялық, маршейдерлік, геомеханикалық, геофизикалық және т.б. мәліметтерді жинау, талдау, хабардар болу; Ғылыми және арнайы кен ісі жайындағы білімі негізінде тау-кен ісі жұмыстарының міндеттерін формулировкалау;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби қызмет саласында негізгі заңдарды жақсы білу қабылеті, зерттеу жүргізу кезінде үлгілеу, математикалық талдау әдісі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану; Тау-кен ісіндегі жаңа және орнықты жетістіктерді қолдана білу; Өндірістік жағдайларында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді таба білу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Кіріспе және негізгі ережелер. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру технологиясына байланысты инженерлік міндеттерді шешудің аналитикалық әдістерін әзірлеудегі отандық ғылымның рөлі. Кен орындарын жерасты игеру кезеңдерін талдау; кенді, кенді емес және қабаттық кен орындарын жерасты тәсілімен игеруді салыстырмалы талдау. Кеніштің, шахтаның негізгі параметрлері. Кеніштің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің оның негізгі параметрлеріне тәуелділігі.
  • 2 тақырып. Кеніштің, шахтаның пайдалы қазба қорларымен қамтамасыз етілуі. Кен орнының өнеркәсіптік қорларын тазартып алуға дайындау дәрежесі бойынша жіктеу. Ашылған, дайындалған және алуға дайын қорлар арасындағы өзара байланыс. Дайындалған және алуға дайын қорлардың нормативтері. Жоспарланған кезеңге дайындық қазбаларының қажетті көлемін анықтауға арналған есеп.
  • 3 тақырып. Кен орнын игерудің жалпы тәртібі. Кен орындарын кен және шахта алаңдарына, панельдерге, блоктарға, қабаттарға, кен алу учаскелеріне бөлу және оларды өңдеу тәртібі. Шахта өрісінің негізгі параметрлері және оларды ашу сызбаларымен байланыстыру. Басты аршу қазбаларының өзара орналасуы. Үлкен тереңдіктегі кен орындарын пайдалану ерекшеліктері.
  • 4 тақырып. Кен орындарын игеруге дайындау. Жалпы ережелер. Дайындыққа қойылатын талаптар. Дайындық қазбалары. Үлкен тереңдіктегі кен орындарын, оның ішінде өрт қауіпті кендерді қазу кезінде дайындауға қойылатын талаптар
  • Тақырып 5 Тілме жұмыстары, тілме қазбаларды жіктеу.Шығару және жеткізу қазбаларының конструкциялары және олардың пайда болу тәсілдері. Тілме және кесу саңылауларын түзудің технологиялық сұлбалары.Желілі кен орындарын игеру кезінде блоктарды тілмелеу. Қуатты кен орындарын игеру кезіндегі тілме жұмыстары. Пайдалы қазбаны шығару және жеткізудің әр түрлі тәсілдері кезінде блоктар түптерінің конструкциялары. Үлес көлемі мен коэффициенті, дайындық-тілме, жұмыстарын өтеу.
  • 6 тақырып. Өңдеу жүйелері туралы жалпы мәліметтер. Өңдеу жүйесінің түсінігі және негізгі талаптар. Өңдеу жүйелерінің жіктелуі технологиялық процестерді тазалау алу және механикаландыру. Шығындар мен құнарсыздану себептері
  • Тақырып 7.Ашық тазалау кеңістігімен игеру жүйелері.
  • Тақырып 8. Кенді магазинды өңдеу жүйесі.
  • Тақырып 9.Тазалау кеңістігін салумен әзірлеу жүйелері
  • Тақырып 10. Тазалау кеңістігін бекітумен әзірлеу жүйелері
  • Тақырып 11 кендерді және сыйысымды жыныстарды құлату жүйелері.
  • Тақырып 12. Құрастырмалы өңдеу жүйелері.
  • Тақырып 13. Кен орындарын қайта игеру, техникалық-экономикалық негіздеме. Нұсқалар және практикалық мысалдар.
  • Тақырып 14. Өңдеу жүйесін таңдау және параметрлерді оңтайландыру.
  • Тақырып 15. Кен орындарын жер астында игеру кезінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау. Кенді және кенсіз кен орындарын жер астында игерудің қоршаған ортаға әсері.
Негізгі әдебиет
  • Егоров П.В. Основы горного дела. Москва, 2000 Бейсебаева А.М., Битимбаев М.Ж., Пшеничный А.Я. Проведение горных выработок.- Алматы.: ИИА «Айкос», 2000