Тасымалдау машиналары

Сипаттама: Тасымалдау машиналарының пайдалану шарттары және оларға қойылатын жалпы талаптар. Көлік кешендерінің түсінігі. Тасымалдау схемалары. Жүк тасымалы динамикасы. Тасымалдау құралдарының типтік санын негізгі параметр бойынша оңтайландыру. Тасымалдау машиналарының жіктелуі және қолдану саласы. Құрылымы, пайдалану және қауіпсіздік.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің пайдалы қазбаларды шұңқырлы немесе дайындау өндірулерінен оқпан албарының алаңшасына дейін тасымалдауға арналған машиналар мен механизмдер аумағында жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
  • - студенттерге тасымалдау машиналары және жабдықтары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы тасымалдау машиналары түрлерінің құрылымдары туралы және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - кинематикалық сұлбаларды талдау және тасымалдау машиналарының ерекшеліктері бойынша, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалану бойынша машықтану.
Негізгі әдебиет
  • 1 Григорьев В.Н., Дьяков В.А., Пухов Ю.С. Транспортные машины для подземных разработок. Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Недра, 1984. - 383 с. 2 Тихонов Н.В. Транспортные машины и комплексы горнорудных предприятий. М.: Недра, 1986. – 288 с. 3 Транспорт на горных предприятиях. Под общей ред. Проф. Б.А. Кузнецова. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Недра, 1987. – 552 с. 4 Поляков Н.С, Штокман И.Г Основы теории и расчеты рудничных транспортных установок. Учебное пособие для горных вузов и факультетов.- М.: Госгортехиздат, 1980. – 491 с. 5 Транспортирующие машины СпиваковскийА.О.и Дьячков В.К. Изд. 3-е перераб. и доп. М.: Машиностроение, 1985. – 504 с.