Математикалық статистика

Рахметуллина Женисгуль Толеухановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Математикалық статистика-ғылыми негізделген қорытындылар алу және олардың негізінде шешімдер қабылдау үшін статистикалық деректерді жинау, өңдеу және пайдалану әдістерін зерттейтін математика бөлімі. Пәннің мазмұны келесі сұрақтарды қамтиды: статистикалық деректерді өңдеу, сандық сипаттамалардың Нүктелік және аралық бағалары, гипотезаларды статистикалық тексеру, корреляциялық және регрессиялық талдау, эксперименталды деректерді статистикалық өңдеу.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Математикалық статистика» оқытудың мақсаты: -стохастикалық қолданбалы есептерді шешу үшін ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негізгі ұғымдарымен танысу,теориядан алынған нәтижелерін сандық еспетеулерімен салыстыру, әдебиеттермен өз бетімен жұмыс жасау машығын қалыптастыру, негізгі және кәсіби біліктілікті қалпытастыру үшін студенттердің логикалық және алгоритмдік ой жүйесін, қабілеттілігін дамыту.
Міндет
  • - пән бойынша негізгі іргелi ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар және қасиеттер, теоремалар білу керек; - мамандық саласына сәйкес негізгі есептерді шешу әдiстерiн - дәлдiгiнiң бағасы және сенiмдiлiктiң статистикалық өңдеудiң негiзгi әдiстерiн; - кездейсоқ оқиғалар және шамалар туралы түісніктер және олардың үлестіруін білу керек; - таңдама заңдылықтар; көлемнiң бағасы, кездейсоқ процестердi сипаттаманың әдiстерiн білу керек. - математикалық модельдi құрап зерттеу керек; -
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • «Математикалық статистика» пәні бойынша негізгі іргелi ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар және қасиеттер, теоремалар; Белгісіз параметрдің дәлдiгiнiң бағасы және сенiмдiлiктiң статистикалық өңдеудiң негiзгi әдiстерiн біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Математикалық статистика» пәнін меңгергеннен кейін алған білімдерін кәсіби пәндердегі қолданбалы есептерді шешуде және берілгендердің статистикалық өңдеуін әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Математикалық әдістерді қолданып, алынған үлгінің дұрыстығын талдайды және техника және технологияның әртүрлі салаларынан қолданбалы мақсаттарды шешу әдістері мен математикалық моделдер туралы көзқарасы болады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Команда құрамында математикалық әдістер қолданғанда өз көзқарасын негіздей алатын және жаңа шешімдер қабылдай алатын болады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін қолдана отырып, білімдерін математикалық түрде техника және технологияның әртүрлі салаларында тиянақты көрсете алады.
Негізгі әдебиет
  • 1. Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика.-М.: Высшая школа,2008 г 2. Рябушко А.П. Индивидуальные задания по высшей математике ч.4 Минск: Вышейшая школа, 2007г 3. Лисьев В.П., Мусатаева Г.Т. Типовой расчет по теории вероятностей и математической статистике – ВКГТУ, 2002. 3.2 Дополнительная литература 4. Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистики.-М.: Высшая школа,2008 5. Гнеденко Б.В. Курс по теории вероятностей.-М.: Наука 2003 6. Солодовников А.С. Теория вероятностей.-М.: Просвещение, 2009