Жер ресурстарын басқару

Сипаттама: Пән азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі ретінде жер ресурстарын басқарудың негізгі функцияларын жүзеге асыратын жер ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесінің, заңнамалардың жұмыс істеу механизмін зерттейді. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және т. б. сияқты функционалдық іс-әрекеттерді жүргізудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістемесін зерттейді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • жер ресурстарын зерттеу және картографиялау, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингін жүргізу, жерлерді ұтымды пайдалануды болжау, жоспарлау және жобалау, жер пайдалануды ұтымды етуді, жерлерді пайдалануды және жер дауларын шешуді мемлекеттік бақылауды экономикалық ынталандыру жөнінде қажетті теориялық білімдер, әдістемелік әдістер мен тәжірибелік ілімдер алу
Міндет
  • Жер ресурстарын басқару пәні, әдістемесі мен әдіснамасы
  • Жер қатынастарын реттеу арқылы жер ресурстарын басқару;
  • Жер ресурстарын пайдалануды болжау мен жоспарлау
  • әр түрлі деңгейлерде жер кадастрын ұйымдастыру, есеп жүргізу, жер туралы мәліметтер банкілерінің, ақпараттық және геоақпараттық жүйелерді құру мен қызмет етуін қамтамасыз ету;
  • Жерлерді ұтымды пайдалануды мемлекеттік бақылау;
  • Шет елдегі жер қатынастары және оларды реттеу әдістері. Шет елдегі жер саясатының негізгі тенденциялары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жер заңнамасын, жер ресурстарын басқарудың негізгі жолдарының теориялық негізін білу: жер кадастры, жерге орналастыру, жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау, мониторинг.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жерге орналастыру өндірісі, жер кадастры, жер ресурстарын басқару, мониторинг саласындағы кәсіптік мәселелерді шешу үшін алған құқықтық білімді, нормативтік құжаттарды пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдай білу, әр түрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстар әдістері туралы тұжырым жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастырушылық-басқару функцияларын орындай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Мемлекеттік органдарда жұмысты ұйымдастыра білу және жер ресурстары саласындағы құзіреттерді орындай білу
Негізгі әдебиет
  • Земельный кодекс Республики Казахстан. – Алматы: ЮРИСТ, 2004
  • Гладун, Е. Ф. Управление земельными ресурсами : учебник и практикум для академического бакалавриата / Е. Ф. Гладун ; Тюменский государственный университет. — 2-е изд., испр. и доп. — М. :Издательство Юрайт, 2016.
  • Варламов А.А. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами. Т.2. – М.: Колос, 2004
  • Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами – А: КазНау – Агроуниверситет, 2004
  • Максимов В.А. Кадастровая оценка недвижимости. – Усть-Каменогорск, 2002
  • Налоговый кодекс Республики Казахстан– Алматы: ЮРИСТ, 2004