Агроқұрылымдарды шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ауыл шаруашылығы өндірісінің барынша экономикалық тиімділігін және оның табиғатты қорғау бағытын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы жерлерін және онымен байланысты өндіріс құралдарын тиімді пайдалануды, қорғауды және жақсартуды ұйымдастыру бойынша теориялық мәселелерді қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Шаруашылықаралық жерге орналастыру

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Аумақтарды шаруашылық ішінде жерге орналастыру саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын алу.
Міндет
  • шаруашылық ішіндегі жерге орналастырудың мазмұны және принциптерін; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалардың түрлерін, мазмұнын; жерге орналастырудың кезеңдерін; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалардың ерекшеліктерін; мәтіндік және графикалық жобалық құжаттарды құру әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Агробизнесжоспарлаудың, жерге орналастырудың негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Құқықтық және нормативтік техникалық құжаттамаларды білу негізінде жер кадастрын жүргізу, жер ресурстарын басқару, жерді бақылау және қорғау саласында кәсіби мәселелерді шешу үшін бар білімдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жер учаскелерін бөліп беру және құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеуді, ауылшаруашылық және елді-мекен жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және орындау қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003. – Алматы: Юрист, 2003
  • Земельное законодательство Республики Казахстан. – Алматы: Право, 2004
  • Волков С.Н. Землеустройство. Теоретические основы землеустройства. Т.1. – М.: Колос, 2001
  • Волков С.Н. Землеустройство. Экономика землеустройства. Т.5. – М.: Колос, 2001
  • Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий.- СПб.: Знание, 2002