Кадастрлық ақпараттық жүйелер

Сипаттама: Пән студенттердің кадастрда қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді, олардың тағайындалуы, құрылу принциптері, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық талаптар, қалалық кадастрдың ақпараттық жүйелері, сонымен қатар қалалық нысандарды, жер асты коммуникацияларын есепке алу дағдыларын меңгеруге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған инструментарийын игеру.
Міндет
  • Кадастрлық автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің негізгі принциптері мен әдістерімен танысу; кеңістіктік мәліметтердің негізгі моделін үйрену; географиялық ақпараттар жүйесін қолданудың теориялық негізімен, функциялау принципімен танысу; кеңістіктік-уақыттық моделдеудің жалпы аналитикалық операцияларымен әдістерін білу; типтік геоақпараттық пакеттердің құрылымын үйрену, геодезиялық картографиялық жұмыстарды ақпараттық қамтамасыздандыру санаттары мен стандарттарын үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кадастрлық жұмыстарын ұйымдастыру саласындағы сандық картографиялаудың негізін және кеңістіктік мәліметтерді модельдеуді білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіби қызметте жаратылыс ғылыми пәндердің негізгі заңдарын пайдалану, математикалық сараптама және моделдеу әдісстерін, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымдық басқаруда ғылыми-зерттеулер мен жобалау жұмыстарын ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын тәжірбиеде пайдалану қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кадастр және жерге орналастыру жұмыстарын орындаудың компьютерлік технологиясымен жұмыс дағдылары, кадастрлық мәліметтерді жинауға, сақтауға, өңдеуге арналған техникалық мүмкіншіліктерді меңгеру.
Негізгі әдебиет
  • 1. Основы геоинформатики: В 2 кн. Учеб. Пособие для студентов вузов/ Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др., – М.: Издательский центр «Академия», 2004. 2. Учебное пособие для студентов очной формы специальности 130402 "Маркшейдерское дело"/ Ю. М. Игнатов. – Кемерово: КузГТУ, 2012. – 205 стр. http://www.twirpx.com/file/963701/ 3. MapInfo Professional. Руководство пользователя. Русск. версия. Москва ООО «ЭСТИ-МАР». 2000 г. 4. Журкин И.Г., Шайтура С.В. Геоинформационные системы. – М.: КУДИЦ-ПРЕСС, 2009.-272 с. 5. ArcMap. Руководство пользователя. Русск. версия. – ESRI, 2000 г. 6. ArcGIS Survey Analyst / Руководство пользователя. – ESRI, 2000 г. 7. ArcGIS . Картографические проекции.– ESRI, 2000 г.