Жер кадастры

Сипаттама: Мемлекеттік жер кадастры-бұл жердің табиғи, шаруашылық және құқықтық жағдайы туралы мәліметтердің жүйелендірілген жиынтығы. Жер кадастры жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау; жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жерді экономикалық бағалау және т. б. мақсатында құрылады және жүргізіледі.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге қажетті мемлекеттік жер кадастры, оны Қазақстан Республикасының аумағында жүргізу, Қазақстан Республикасындағы жер-кадастрлық жұмыстардың негізі мен мазмұны, жерлерді тіркеу, есепке алу реті мен процедурасы, оларды сандық және сапалық бағалау , мемлекеттік басқару және нақты халықшаруашылығы мәселелерін шешуде жер кадастры мәліметтерін пайдалану туралы теориялық және тәжірибелік білім беру
Міндет
  • Кадастрлық ақпаратты жинау, аумақтарды кадастрлық аймақтарға бөлу мәселелерін, жерлерді түгендеу, кадастрдың автоматтандырылған жүйесін жүргізу, жерлерді және жылжымайтын мүлікті кадастрлық бағалау, жерлер мониторингін жүргізу мәселелерін шешу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің мәселелері, мақсаты,мазмұны, принциптері және реті
  • жерге меншік және жер пайдалануды тіркеу, есепке алу және бағалау үрдісі
  • жер заңнамасы;
  • аудандарды аумақтарға бөлу; мониторинг жүргізу, жерге төлемдер
  • жерлерді бағалаудың әдістемелік принциптері мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бар білімін жер кадастрын жүргізу саласында құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар негізінде пайдалана білу;
  • жобалау, бағалау, салық салу үшін, жерлерді сатуда кадастрлық ақпаратты қолдана білу;
  • жер ресурстарын бағалаудың экономикалық әдісі;
  • мәселелер пайда болғанда дұрыс шешім қабылдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдай білу, кадастрлық жұмыстар өндірісі бойынша негізделген тұжырымдарды айта білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қабілеттілік:
  • - кешенді мәселелерді шешуде өкілеттіліктерді және жауакершіліктерді бөлумен топтың мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі;
  • - ұжымда ұйымдастырушылық-басқару функцияларын қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіпорын, аудан, облыстың жер-кадастрлық құжаттарын жүргізу
  • Жер ресурстарын бағалау саласындағы тәжірибелік мәселелерді орындау
  • Жерлерді есепке алу және оларды кадастрлық бағалау, жер кадастрлық есептік және есеп беру құжаттарын дұрыс жүргізу, жерлерді тиімді пайдалану және мемлекеттік бақылау мәселелерін шешу кезінде жер кадастрының мәліметтерін пайдалану
Негізгі әдебиет
  • Варламов А.А., Гальченко С.А. Земельный кадастр: в 6 т. – М.: КолосС, 2003 – 2006.
  • Баденко В.Л., Гарманов В.В., Осипов Г.К. Государственный земельный кадастр. – СПб.: СПбГПУ, 2002
  • Чешев А.С., Фесенко И.П. Земельный кадастр. – М.: «Издательство ПРИОР», 2001
  • Земельный Кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2010
  • Коротеева Л.И. Земельно-кадастровые работы. – Ростов н/Д: Феникс, 2007