Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері (Python)

Вайс Юрий Андреевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс Python жүйесі мен тілінің мен негізгі ұғымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Курста негізгі тілдік құрылымдар мен кірістірілген функциялар, модульдер мен пакеттер, функционалды бағдарламалау құралдары, деректермен жұмыс істеуге арналған Python негізгі кітапханалары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • есептеу процестерінің алгоритмдеу негіздерін және әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде Python бағдарламалау тілінің мүмкіндіктерін зерттеу.
Міндет
  • Python бағдарламалау тілінің негізі мен негізгі алгоритмдік құрылымдарды зерттеу;
  • алгоритмдеу және бағдарламалау саласындағы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру;
  • білім алушыларда бағдарламаларды әзірлеудің заманауи аспаптық құралдарын қолдану дағдыларын жасап үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • бағдарламаларды әзірлеудің заманауи аспаптық ортасының даму тенденциялары мен перспективаларын білу
  • алгоритмдеудің теориялық негіздері туралы түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Python тілінде бағдарламаларды өңдеу және қалпына келтіру мүмкіндігін іске асыра білу .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • өз ойларыңызды тұжырымдау және өз пікірлеріңізді дәлелдей білу қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникациялық қабілеттерді дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • әр түрлі есептердің алгоритмдерінің құрылымдық сызбаларын құру, соның ішінде есептеу процестерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдерінде қолдану;
  • Python тілінде бағдарламаларды әзірлеу;
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (проблемалық дәріс, дискуссиялық дәріс, дәріс-конференция, дәріс-кеңес, "баспасөз-конференция" дәрісі, "Сұрақтар-жауаптар-талқылау" дәрісі»);

Жоба әдісі (өз тәжірибесі мен құзыреттілігін жетілдіру және түрлендіру)

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Тәжірибелік жұмыс 1 0-100
Тәжірибелік жұмыс 2
Тәжірибелік жұмыс 3
Аралық бақылау 1
2  рейтинг Тәжірибелік жұмыс 4 0-100
Тәжірибелік жұмыс 5
Тәжірибелік жұмыс 6
Аралық бақылау 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  • PYTHON-ҒА КІРІСПЕ
  • СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМ
  • ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМ
  • ЦИКЛДІК АЛГОРИТМ
  • ЖОЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
  • ФУНКЦИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС, МОДУЛЬДЕР ҚҰРУ
Негізгі әдебиет
  • Н. Вирт Алгоритмы и структуры данных. М. Изд-во «МИР», 1989г.
  • Д. Кнут. Искусство программирования для ЭВМ. Т.1./ Основные алгоритмы / - М.:Мир,1976.
  • Васильев А. Н. Python на примерах. Практический курс 2019 год, Наука и Техника, 3-е издание ISBN: 978-5-94387-781-0 С. 432
  • Федоров Д. Программирование на языке высокого уровня Python. Учебное пособие для прикладного бакалавриата 2019 год, Юрайт ISBN 978-5-534-04479-9
Қосымша әдебиеттер
  • Интернет ресурс (документация и учебные материалы) pythonworld.ru
  • Майкл Доусон Программируем на Python Издательство: Питер, 2019 г. ISBN: 978-5-4461-1386-6 С. 416