Картография

Сипаттама: Аумақтық жоспарлаумен, аумақты шаруашылық игеру бағыттарымен, пайдалы қазбаларды барлаумен, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін білім қалыптастыру; студенттерді карталарда шешілетін географиялық және инженерлік міндеттермен, олардың қасиеттерімен, жобалау әдістерімен, құрастырумен және редакциялаумен таныстыру.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 1. Картография пәні студенттерді топографиялық, географиялық карталармен және атластармен таныстыру, олардың қасиеттерін шолу шарттары түрінде модель ретінде көрсету болып келеді.
Міндет
  • 1. Бітірушіні профессионалды есептерді шешуге, өз еркімен картаның географиялық негізін құру жұмыстарын орындауға, картаға арнайы объектілердің мазмұны мен құбылыстарды топографиялық және тематикалық карталарға еңгізуге, карталарда бұрмалануларды есептеуде формулаларды қолана білуге, проекцияларды құруда есептерді орындауға, масштаб қатарымен генерализацияны орындауға, картаны басып шығаруда дайындық жұмыстарының теориясын білуге, сандық карталар мен пландарды құруда замануи программаларын оқуға.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құбылыстарды картографиялық бейнелеу тәсілдерін, картографиялық генерализациялаудың негізгі принциптерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі заманғы графикалық, кадастрлық және басқа ақпаратты жаңа заманғы дәрежеде қолдау және дайындау тәсілдердің білімдерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымдағы ұйымдастыру-басқару міндеттерін орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Картографиялық торларды салу, әртүрлі тәсілдермен карталарды құрастыру, тақырыптық карталарды құрастыру үшін картографиялық және статисикалық мәліметті дайындауды істей алу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Картографияның анықтамасы, оны құратын пәндерге бөлінуі, басқа пәндермен байланысты. Географиялық карталар, олардың қасиеттері, мағынасы және қолдану салалары. Географиялық карталардың классификациясы. Картаның мазмұн элементтері.
  • Картаның математикалық негізі. Математикалық негіздің элементтері. Масштаб, рамкалар, разграфка және карта компановкасы. Картаның астрономо-геодезиялық негіздері.
  • Жер эллипсоидының сызықтары мен жазықтары. Жер эллипсоиды, географиялық, полярлы сфералық және тікбұрышты сфералық координаталар. Картадағы бұрмаланулар, эллипс бұрмалануы, бұрмалануды анықтау тәсілдері.
  • Картографиялық проекциялар. Картографиялық проекциялардың жалпы теориясы. Картографиялық проекциялардың классификациясы. Азимуттық, цилиндірлік, конустық және басқа проекция түрлері. Карта номенклатураларының проекциясы. Әр түрлі карталарға проекцияларды таңдау және қолдану.
  • Картаны құру және редактрлеу. Редактрдің-дайындық жүмыстары. Картографиялық мәліметтер. Редактрлік-дайындық жұмыстар жайлы мәліметтер. Картаның редактірлік жобасы. Карта құру негізі. Құрылатың оригинал, оны құру тәсілі және құрылатын картаға қойылатын талаптар.
  • Картографиялық генерализация. Картографиялық генерализацияның қасиеті және негізгі факторлары, картографиялық генерализацияның орындау әдістері. Бейнелеу тәсілдерін таңдауда картографиялық генерализацияның әдітері.
  • Картографиялық бейнелеу тәсілдері. Картаның әр түрлі мазмұн элементтерін бейнелеудің картографиялық тәсілдері, олардың түрлері. Әр түрлі карталарда бейнелеу әдістерінің әр түрлігі және және ұқсастықтары. Бейнелеу тәсілдерін таңдау. Тематикалық карталар жіне атластар, оларың түрлері, олардың мазмұн элементтерінің негіздері.
  • Картаны баспаға шығаруға дайындық процесссінің технологиясы. Картаны баспаға дайындау әдістері. Басылып шағарылатын оригиналдар, оларды дайындау әдістері. Басылып шағарылатын оригиналдарға қойылатын талаптар. Картаны басып шығаруға дайындауда қолданылатын аспаптар мен құралдар. Картаны безендіру. Түстемен безендіру графигі. Технологиялық сұлбасы.
  • Сандық карталар. Сандық карталардың түстерге бөлу принциптері. Картографияда автоматизацияның техникалық құрылымдары. Картаны басып шығару. Картаны тираждау.
  • Картографияның жаңа заман куйі, оның перспективалары және дамуы.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Топографиялық карталар. Мазмұн элементтерін анализдеу және сипаттау.
  • Тематикалық карталар. Мазмұн элементтерін анализдеу және сипаттау.
  • Математикалық картография. Меридиан мен параллельдердің доға ұзындықтарын есептеу. Берілген шарттар бойынша бұрмалануды анықтау.
  • Әр түрлі проекцияларға картографиялық торабтар құру.
  • Картографиялық бейнелеу тәсілдері. Тематикалық картаны әр түрлі тәсілдерді қолданып құру.
  • Картадағы ақпаратты талдау және картаның анотациясын құрастыру. Жалпыгеографиялық карталарды талдау және қолдану.
  • Масштабы 1: 1 000 000 карта бойынша жергілікті жердің профильн құру.
  • Әр түрлі карталарды оқу және талдау. Картаның арналуы мен типіне байланысты мазмұн элементтерінің бейнелену ерекшеліктері.
  • Кртографиялық генерализация.
  • ШҚО тематикалық картасын құрастыру.
Негізгі әдебиет
  • Серапинас Б.Б. Математическая картография. - М.: Академия, 2005
  • Берлянт, А.М. Картография : учебник для вузов / А.М. Берлянт. - М. : Аспект Пресс, 2008. - 336 с.
  • Берлянт, А.М. Картоведение : учебник для вузов / А.М. Берлянт, А.В. Востокова, В.И. Кравцова. - М. : Аспект Пресс, 2006 . - 477с.
  • Горбунова В.А. Топографическое черчение. – Кемерово: КузГТУ, 2011
  • Маликов, Б.Н. Составление и подготовка к изданию карт и атласов с использованием компьютерных технологий : монография / Б.Н. Маликов, Я.Г. Пошивайло. - Новосибирск : СГГА, 2002. - 92 с.