Топырақ бонитировкасы

Сипаттама: Пән топырақты бағалау әдістері бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, топырақтың сапасын бағалау кезінде ескерілетін негізгі қасиеттерін, аумақтарды табиғи-ауыл шаруашылық аймақтандыру әдістерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді бағалау әдістерін, ірі масштабты топырақ зерттеу материалдары бойынша топырақ бонитетінің балдарын есептеу, бағалау шкалаларын құру бойынша іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Топырақтың табиғи-тарихи және әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында алынған қасиеттері мен сипаттамаларына негізделген табиғи-тарихи организм ретінде қарастырып топырақты бағалау (бағалау) туралы студенттердің түсінігін қалыптастыру.
Міндет
  • құнарлылықпен байланысты топырақтың қасиеттерін зерттеу;
  • ауыл шаруашылығы жерлерін экологиялық бағалау және бонитеттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • топырақты бонитеттеу тарихын және топырақты бонитировкалаудың негізгі кезеңдерін;
  • топырақты бонитеттеу қажаттамасын;
  • әртүрлі ауыл шаруашылығы жерлері үшін топырақтақ-экологиялық көрсеткіштерін білу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Топырақтың физикалық және агрохимиялық қасиеттерін талдау, қарапайым, суарылатын және құрғатылған егістік жерлерге, шабындықтар мен жайылымдарға, көпжылдық көшеттерге арналған топырақтық-экологиялық көрсеткіштерін анықтауға дайындық қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бонитеттеу жұмыстарын технологиялық бақылау әдістерін жасау, орындалатын бонитеттеу жұмыстарының сапасын басқару қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қазіргі заманғы әдістері мен жабдықтарды қолдану технологиясын, сондай-ақ жаңа әдістерді әзірлеу, инновациялық шешімдерді іздеу және қабылдауды жүзеге асыру қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • Ганжара Н.Ф., Борисов Б.А., Байбеков Р.Ф. Практикум по почвоведению. – М.: Агроконсалт, 2002
  • Муха В.Д., Картамышев Б.А., Муха Д.В. Агропочвоведение. – М.: КолосС, 2003
  • Ковриго В.П., Кауричев И.С., Бурлакова Л.М. Почвоведение с основами геологии. – М.: Колос, 2000