Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс топографиялық карталар мен жоспарлардағы міндеттерді шешу бойынша, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып топографиялық жоспарларды жасау үшін ірі масштабты топографиялық түсірілімдерді жүргізумен байланысты геодезиялық жұмыстар кешенін орындау бойынша, жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін жасау бойынша, сондай-ақ құрылыс алаңында туындайтын әртүрлі геодезиялық міндеттерді шешу бойынша білім, білік және дағды алуға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге түсінік беру: -құрылыс алаңында жүргізілетін инженерлік-геодезиялық ізденістердің түрлері туралы; - құрылыс алаңында геодезиялық негіздеме жасау әдістері туралы; - геодезиялық бөлу жұмыстары туралы; - Құрылыс конструкцияларын монтаждау туралы; - инженерлік құрылыстардың деформацияларын геодезиялық бақылау әдістері туралы.
Міндет
  • Студент құрылыс алаңында қолданылатын геодезиялық жұмыстардың құрамы мен технологиясын білуі керек.
  • Студент білуі керек: - топографиялық картаны еркін оқып, оның негізінде графикалық және есептік сипаттағы міндеттерді шешу; - Геодезиялық аспаптар мен құралдардың көмегімен үлгілік жобалау және құрылыс міндеттерін шешуге байланысты геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды дербес орындауға; - геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуді жүргізу; - өлшеу нәтижелерін графикалық түрде рәсімдеу (топографиялық жоспарды, профильдерді, көлденең және тік бетті жоспарлау жоспарларын құру).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау ерекшеліктері; - құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстар үшін пайдаланылатын геодезиялық аспаптар мен құралдар
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдау, негізделген пайымдаулар жасау және әртүрлі геодезиялық өлшемдерді өндіру әдістері мен оларды қолдану шарттары туралы негізделген қорытындылар жасау мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - кешенді мәселелерді шешу кезінде жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөле отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылар: геодезиялық аспаптармен және құралдармен жұмыс істеу; геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу; ірімасштабты топографиялық жоспарлар құру; жер жұмыстарының картограммаларын құра отырып, бетті нивелирлеу; геодезиялық бөлу жұмыстарын орындау; инженерлік құрылыстардың деформацияларын геодезиялық бақылауларды орындау.
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу

берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру

ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін қолдана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);

іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі)

оқу міндеттерін шешу

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Топографиялық картада есептерді шешу 0-100
Теодолит құрылғысы. Теодолитпен жұмыс.
Теодолиттік және тахеометриялық түсірілім материалдарын өңдеу
Электрондық тахеометрмен жұмыс.
Аралық бақылау (тестілеу)
2  рейтинг Нивелир құрылғысы. Нивелирмен жұмыс 0-100
Квадраттар бойынша бетті нивелирлеу. Көлденең және көлбеу алаңдарды жобалау.
Бақылау нүктелері бойынша рельефті және берілген бағыт бойынша профильді құру.
Инженерлік құрылыстардың деформацияларын бақылау нәтижелерін өңдеу және талдау.
Аралық бақылау (тестілеу)
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жердің пішіні мен өлшемдері
  • Геодезияда қолданылатын координаттар мен биіктіктер жүйесі
  • Сызықтарды бағдарлау (азимуттар, дирекционды бұрыштар, румб)
  • Топографиялық карталар, жоспарлар, жер бедерінің профильдері
  • Жер бетінің рельефі және оның топографиялық карталар мен жоспарлардағы бейнесі
  • Бұрыштық және сызықтық өлшемдер
  • Орташа квадраттық, шекті және салыстырмалы қателер
  • Нивелирлеу және оның түрлері
  • Құрылыс үшін инженерлік зерттеулер
  • Инженерлік-геодезиялық тірек торлары
  • Бөлу жұмыстарының жалпы технологиясы
  • Бөлу жұмыстарының әдістері (тура және кері бұрыштық қиылыстыру, сызықтық қиылыстыру, полярлық координаттар, тікбұрышты координаттар, бүйірлік нивелирлеу)
  • Геодезиялық жұмыстардағы спутниктік өлшеу әдістері
  • Бетті нивелирлеу әдістері
  • Инженерлік құрылыстардың деформацияларын геодезиялық әдістермен бақылау
Негізгі әдебиет
  • Юнусов А.Г., Беликов А.Б., Баранов В.Н., Каширкин Ю.Ю. Геодезия. – М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2020
  • Попов В.Н., Чекалин С.И. Геодезия. – М.: Горная книга, 2017
  • Касымканова Х.М., Мадимарова Г.С. Геодезическое обеспечение монтажных работ и геодезический контроль в строительстве. - Алматы: КазНТУ, 2012
Қосымша әдебиеттер
  • Атрошко Е.К., Иванова М.М., Марендич В.Б. Геодезия в промышленном и гражданском строительстве. – Гомель: БелГУТ, 2009
  • Михаленко Е.Б., Загрядская Н.Н., Беляев Н.Д. Инженерная геодезия. Решение основных инженерных задач на планах и картах. – СПб: Изд-во Политехн. ун-та, 2011
  • СП РК 1.02-105-2014. Инженерные изыскания для строительства. Основные положения. – Астана: Издательство стандартов, 2014