Металдар технологиясы және пісіру

Сипаттама: Студенттер құрылымдық материалдардан жоғары сапалы өнімді алудың заманауи әдістерімен, машинажасау өндірісінде өнімді қайта өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздерімен, құю, қысыммен өңдеу, дәнекерлеу, кесу жұмыстары, заманауи физика-химиялық әдістермен және материалдарды өңдеумен айналысатын жабдықтармен танысады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Дайындамалар мен тетіктердің сырт пішінін құру технологиялық процесінің негізгі тәсілдерінмен (құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесіп өңдеу) таныстыру, сонымен қатар технологиялық өңдеу үшін пайдаланатын құрал-жабдықтардың жұмыс атқару ретін игеру.
Міндет
  • Материалдардың құрылуы мен қасиеттері арасындағы байланысты, дайындамалардың қалып түзілуі мен машина бөлшектерінің негізгі технологиялық тәсілдері туралы білім беру сонымен қатар конструкциялық материалдарды талдау принціпін оқыту, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясымен білімгерлерді таныстыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көміртекті және легірленген болаттарды, түсті металдар негізді конструкциялық қорытпаларды таңбалау принциптерін жетік білу; металл мен қорытпаларды құю өндірісінің жетістіктерін, пісіріп өңдеу түрлерін, әртүрлі температурада қысыммен өңдеу жолдарын, кескіш білдектердің атқаратын жұмыстарын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі кезендегі өндіріс мүмкіншіліктерімен, конструкциялық материалдарды алудың, өңдеудің және беріктендірудің әр түрлі технологиялық әдістерін жетілдіру және даму перспективаларымен таныстыру, конструкциялық материалдарды дұрыс таңдап алып әр түрлі әдістермен өңдеу үшін осы пәннің білімін пайдаланады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Машина жасау және басқа техникалық салаларда қолданылатын конструкциялық материалдарды пайдалана білу, олардың технологиялық өңдеу тәсілдерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмыс атқару сенімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әртүрлі технологиялық процестердегі химиялық реакциялардың қалдығына сәйкес стехиометриялық, материалдық, электрондық көрсеткіштерін құра білу; машина жасау саласында пайдаланатын қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды игеруге қабілетті; қойылған талаптарға сәйкес конструкциялық материалды тиімді өңдеу жолдарын табу; өндірістік жағдайларда туындайтын мәселелерге өзінің кәсіби тұрғысынан шешім таба білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәннің негізгі ережелерін өзі жұмыс атқаратын бағытына сәйкестеу; Физикалық-химиялық процестердің бағытын бағалау; тепе-теңдіктегі фазаларды бағалау арқылы қойған мәселені шешу үшін технологиялық процестердің тәсілін таңдай білу; конструкциялық материалдарды тиімді пайдалануға және технологиялық қасиеттерін талдауға қабілетті;
Негізгі әдебиет
  • 1 Технология конструкционных материалов. /Под ред. А.М. Дальского – М.: Машиностроение, 2009. 2 Технология конструкционных материалов. /Под ред. Г.А. Прейса – Киев: Высшая школа, 2011. 3 Технология металлов и сварка. /Под ред. П.И. Полухина – М.: Высшая школа, 2015.