Tecla темірбетон және металл құрылымдарын ақпараттық моделдеу

Ударцева Алина Нурлановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Темірбетон және металл конструкцияларын үш өлшемді модельдеуге арналған "Tekla Structures" бағдарламалық кешені қарастырылады. BIM моделін құрудың және сызбалар алудың негізгі құралдарымен таныстырады. Жеке конструкцияларды арматуралаудың және темірбетон мен болат конструкцияларының түйіндерін жобалаудың негізгі принциптері беріледі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік және компьютерлік графика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Компьютерлік сыныпта

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Металл және темірбетон конструкцияларын жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін жақсы білетін жоғары білікті мамандар даярлау.
  • Студенттерде құрылыс конструкцияларының, ғимараттар мен құрылыстардың сызбаларын жасау және редакциялау бойынша Tekla Structures ортасында практикалық жұмыс дағдыларын, білімдерін және дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Міндет
  • Металл конструкцияларды компьютерлік модельдеу негіздері туралы, Tekla Structures бағдарламасы негізінде металдан жасалған ғимараттар мен құрылыстардың 3D үлгілерін модельдеу және визуализациялау тәсілдері туралы білім беру;
  • Кеңістіктік ойлауды және ақпараттық қамтамасыз етуді меңгеру дағдыларын жетілдіруге;
  • Tekla Structures-ті құрылыс саласында білікті пайдаланушы деңгейінде пайдалануға үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Темір-бетон және металл конструкцияларды компьютерлік модельдеу негіздері туралы, Tekla Structures бағдарламасы негізінде ғимараттар мен құрылыстарды 3D модельдеу және визуализациялау тәсілдері туралы білім;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Әмбебап және мамандандырылған бағдарламалық-есептеу кешендерін және автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалана отырып, техникалық тапсырмаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жобалау дағдылары;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Білім алушылар ақпаратты жинаудың, алмасудың, сақтаудың және өңдеудің тиімді ережелерін, әдістері мен құралдарын, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Бірлескен жобамен жұмыс істей білу;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Tekla Structures ортасында практикалық жұмыс дағдысы.
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс;

ақпараттық-коммуникациялық (қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныпта сабақтар);

іздестіру-зерттеу (студенттердің оқу процесіндегі дербес зерттеу қызметі);

оқу міндеттерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Pdf/dwg форматында сызбалар жиынтығын қалыптастыра отырып, ғимараттың болат қаңқасының моделін орындау. 0-100
тестілеу
2  рейтинг Pdf/dwg форматында сызбалар жиынтығын қалыптастыра отырып, ғимараттың темірбетон қаңқасының моделін орындау. 0-100
тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жұмыс 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Оқу нұсқасын сұрау
  • Контурлық пластина, қасиеттер, контурды редакциялау
  • Нөмірлеу
  • Тораптарды жасау
  • Бетон бағанасын, арқалықты, құрамдас арқалықты, спиральді арқалықты, бетон панелін (қабырғасын) жасау
  • Бетон жабынын жасау
  • Арматуралық өзектерді, арматуралық өзектердің топтарын модельдеу
  • Арматуралық дәнекерлеу торларын жасау және өңдеу
  • Штаттық құрамдастар
  • Монолитті элементтердің сызбаларын жасау және редакциялау
Негізгі әдебиет
  • Tekla Structures 2022. Знакомство с Tekla Structures - ©2022 Trimble Solutions Corporation, апрель 2022 - 74 с.
  • Tekla Structures 2022. Создание моделей - ©2022 Trimble Solutions Corporation, апрель 2022 - 1214 с.
  • Tekla Structures 2022. Создать чертежи - ©2022 Trimble Solutions Corporation, апрель 2022 - 1180 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Template Editor. User’s Guide. Product version 4.20 - 2022 © Trimble Solutions Corporation, January 2022 - 140 p.
  • Symbol Editor. User’s Guide. Product version 3.0 - 2022 © Trimble Solutions Corporation, January 2022 - 55 p.