Ағаштан және пластмастан құрылымдар

Махиев Бекболат Еспулович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ағаш, пластмасса конструкциялардың негізгі типтері және оларды тиімді қолдану салалары; ағаш және пластмасса құрылымдарын жасау технологиясы; басқа құрылымдардағы ағаш және пластмасса құрылымдарының салыстырмалы тиімділігі; ағаш және пластмасса құрылымдарын есептеу және құрастыру, ағаш және пластмасса құрылымдарын экономикалық талдау. Ағаш пен пластмассадан жасалған құрылым элементтерінің қосылыстары. Ағаш құрылымдарды қолдану арқылы ғимараттардың конструктивтік шешімдерінің ерекшеліктері. Қаңқалы ағаш ғимараттардағы қаттылық байланысы.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Құрылыс конструкциялары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны компьютер дәрісханасында

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты болашақ бакалаврларды қазіргі заманғы ағаш және пластмассадан жасалынған құрылымдармен таныстыру.
Міндет
  • Оқушының білуі керек: - ағаш пен пластмассаның құрылымдық материал ретінде жетістігі және жетіспеушілігі; - ағаш құрылымының элементтерінің есептеу ережелері; - ағаш және пластмасса жасалған қазіргі заманғы құрылымдардың жобалануының принциптері мен жіктелінуі; - ағашты биологиялық бұзылулар мен жанып кетуіден қорғау тәсілдері.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ағаш және пластмасса конструкцияларын есептеу және жобалау саласында терең білімді көрсетуге қабілетті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ағаш құрылымдардың элементтерін есептейді және жобалайды. Ағаш конструкцияларды биологиялық зақымданудан және өрттен қорғау тәсілдерін қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Техникалық тапсырмаға сәйкес инженерлік зерттеулер жүргізу әдістерін, бөлшектер мен конструкцияларды жобалау технологиясын біледі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Зерттеулер мен практикалық әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге қатысады.
Оқыту әдістері

- Сабақ беру үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады. Дәріс-презентациялар мен практикалық сабақтарда мәтіндік, аудио және бейнеақпараттар, графиктер, кестелер және т. б. қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Төсемдер мен торламалардың есебі. 0-100
Иілгіш байланыстар бойынша иілу элементтерін есептеу.
Желімді тақтайлы арқалықтың есебі.
2  рейтинг Желімделген фанера арқалықтарын есептеу. 0-100
Металл ағаш фермаларының элементтерінің есебі.
Рама мен аркалар түйіндерін есептеу.
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жұмыс 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Ағаш құрылымдарының дамуы
  • Ағашты биологиялық бұзылудан және жанып кетуден қорғау
  • Икемді байланыстардығы құрама элементтер
  • Жазық бітеу құрылымдары
  • Арқалықтар
  • Жазық ағаш құрылымдарын кеңістікте бекіту
  • Фермалар
  • Аркалар
  • Рамалар
  • Тіреулер
  • Кеңістіктегі құрылымдар
  • Синтетикалық материалдардан жасалынған құрылымдар
  • Ағаш құрылымдарын пайдалану және жөндеу
  • Ағаш құрылымдарын дайындау технологиясы
  • Пневматикалық құрылымдар
Негізгі әдебиет
  • 1 Бойтемиров Ф.А. Конструкции из дерева и пластмасс / Ф.А. Бойтемиров,. - М.: Издательский центр «Академия»., 2015 - 288 с., 2 Конструкции из дерева и пластмасс : учеб. пособие / Д. В. Лейер, А. К. Рябухин, С. И. Маций. – Краснодар : КубГАУ, 2017. – 92 с., 3 Махиев Б.Е. Клеедощатые балки с фанерными вставками / Учебное пособие. – Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2013. – 84 с. 4 Журнал "Известия вузов. Строительство" / НГАСУ (Сибстрин). – Новосибирск, 2014 г. 5. ҚР НТҚ 01-01-3.1 (4.1)-2017 Ғимараттарға әсер ету және жүктемелер. 6. ҚР НТҚ 05-01-1.1-2013 Ағаш конструкцияларды жобалау.
Қосымша әдебиеттер
  • 7. Карлсен Г.Г. и др. Конструкции из дерева и пластмасс. – М.: Стройиздат, 1986. – 543 с. 8. Атлас деревянных конструкций / К.-Г. Гетц, Д. Хоор, К. Мелер, Ю. Наттерер; Пер. с нем. Н.И. Александровой; Под ред. В.В. Ермолова. – М.: Стройиздат, 1985. – 252 с. 9. Дмитриев П.А. Деревянные балки и балочные клетки: Учебное пособие / Новосиб. ИСИ. – Новосибирск, 1989. – 161 с. 10. Светозарова Е.И., Душечкин С.А., Серов Е.Н. Конструкции из клееной древесины и водостойкой фанеры. – Л., 1974. – 133 с. 11. СНиП II-25-80. Деревянные конструкции / Госстрой СССР. – М.: Стройиздат, 1982. – 66 с. 12. Пособие по проектированию деревянных конструкций (к СНиП II-25-80) / ЦНИИСК им. Кучеренко. – М.: Стройиздат, 1986. – 261 с.