Банктік операциялар және қызметтер

Ислям Гульнара Ислямовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Коммерциялық банктердің Операциялар мен қызметтерін әр түрлігін, олардың қолданылу аясын және ерекшелігін, банк ісін ұйымдастыруда рөлін қарастырады. Банктік қызметі бағасына әсер ететін факторлар мен есептеудің негізгі әдістеріне, банктік қызметтің төлемділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • 1. Коммерциялық банк қызметінің негіздерінде теориялық білім алу.
Міндет
  • 1.Негізгі банк операцияларының мен қызметтерді ұйымдастыру және орындау туралы теориялық білім мен негізгі кешенді түсіністіктерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Әр түрлі банктік операцияларды мен қызметтердің сипатын, ұйымдастыру принциптері мен тәртіптерін, банк үшін операциялар тиімділігін анықтауды, тәуекел дәрежесін білу.
  • 2. Банк операцияларын жүргізу механизмін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін біл.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Банк қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу;
  • 2. Банк операцияларының негізгі түрлерін құжаттық рәсімдей білу және жүргізе білу (депозиттік, несиелік, бағалы қағаздар және шетел валютасымен операцияларды, коммерциялық банктердің есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету, ымыра жасау және басқа да операциялары) .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Банк операцияларының және қызметтердің экономикалық тиімділігін негіздей білу;
  • 2. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін, клиенттің несиеге қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік, қаржылық интерпритация және талдау және басқа да ақпараттарды, банк операцияларын жүзеге асыру процесінде шығармашылық тәсілдердің дағдыларын меңгере білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Депозит, несиелеу және басқа да операциялар бойынша клиенттерге кеңес бере білуі;
  • 2. Операцияларды жүргізу кезінде банк жүйесін автоматтандыруды қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін өзін-өзі оқытуға дағдылануға және қаржылық басқару дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеру.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Ауызша сұрау 0-100
Есептер шығару
Нақты бір банк мысалында зерттеу жұмысы
Презентация
Коллоквиум/тестілеу
2  рейтинг Ауызша сұрау 0-100
Есептер шығару
Презентация
Творчествалық жұмысты қорғау
Коллоквиум/тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Коммерциялық банктердің құрылу, жұмыс істеу негіздері және олардың қызмет ету шарттары
  • Пруденциялық реттеу
  • ҚР банк қызметін реттеу және қадағалау
  • Банктің меншікті капиталы: функцияның құрылымы және капиталдандыру жолдары
  • Депозиттік портфель және депозиттік саясат
  • Депозиттік емес қорландыру көздерін банктік операциялар
  • ЕДБ міндеттемелер портфелін басқару
  • Кредит беру жүйесінің элементтері және кредиттік процесс
  • Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары
  • Банктік несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары
  • Банктік маркетинг: принциптер, әдістер және стратегиялар
  • Банктік пайыз және пайыздық есептеулер
  • Несие портфелі және проблемалы несиелерді басқару
  • Коммерциялық банктердің қаржылық қызметтері
  • Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау
Негізгі әдебиет
  • 1. Банковское дело: Учебник / Под ред. Лаврушина О.И., Валенцева Н.И.. - М.: КноРус, 2017. - 128 c.
  • 2.Банковское дело. Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова, Н.Д. Эриашвили. - М.: Юнити, 2017. - 272 c.
  • 3. Банковское право : учебник и практикум для вузов / Д. Г. Алексеева [и др.] ; под редакцией Д. Г. Алексеевой, С. В. Пыхтина. – 4-е изд., перераб. и доп. – Москва: Издательство Юрайт, 2021. – 410 с.
  • 4. Киреев, В.Л. Банковское дело. Краткий курс: Учебное пособие / В.Л. Киреев. - СПб.: Лань, 2019. - 208 c.
  • 5. Журнал "Банки Казахстана"
  • 6. Ольхова, Р.Г. Банковское дело: управление в современном банке: Учебное пособие / Р.Г. Ольхова. - М.: КноРус, 2018. - 150 c.
Қосымша әдебиеттер
  • 1.Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года № 2444 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 12.09.2022 г.)
  • 2.Официальный сайт Национального Банка РК www.nationalbank.kz