Қаржы менеджменті

Куур Ольга Вячеславовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану мен байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс – тәсілдер және формалар жүйесі. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Қаржылық менеджмент саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке ие мамандарды дайындау, соның ішінде студенттерді заманауи қаржылық менеджменттің теориялық негіздеріне және қаржылық менеджменттің негізгі категорияларына үйрету.
Міндет
  • Студенттерді қазіргі қаржылық менеджменттің әдістері мен ұстанымдарына, мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес студенттерді жүйелі түрде оқыту; 2) шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға қатысты жалпы тәсілдердің мазмұнын ашу; 3) студенттерге қаржылық ақпаратты дұрыс түсіндірілуі мен түсінуін және онымен дұрыс жұмыс істей білуді үйрету; 4) жалпы және қаржылық менеджменттің проблемалары бойынша студенттермен жаңа теориялық білімді игеру, атап айтқанда, қаржы саласындағы қандай да бір басқарушылық шешімнінң тиімділігін анықтайтын негізгі әдіс-тәсілдерді үйрену; 5) тәжірибелік қызметте қазіргі заманғы қаржылық менеджменттің қағидалары мен негізгі категорияларын қолдануға бағытталған студенттердің мүмкіншіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде: капитал салымын таңдау критерийлерін, компанияның қаржылық жоспарлауы, капитал құрылымын оңтайландыру, капиталды қаржыландыру және басқару саясатын қалыптастыру, компанияның құны мен нарықтағы жағдайын бағалау, корпорациялық тәуекелдерді басқару, активтер мен инвестициялық жобалардың қоржындарын басқару.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қаржылық менеджменттің негізгі категориялары мен қағидаларын білу
  • Шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға жалпы тәсілдемелерді білу
  • Ұзақ мерзімді инвестициялау және қаржыландыру әдістерін білу
  • Қаржылық жоспарлаудың әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобаларды бағалауда, дивидентік саясатты таңдауда, капиталдың рационалды құрылымын қалыптастыруда, қаржылық активтерді басқаруда қаржылы шешімдерді қабылдау
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оның қаржылық стратегиясын дайындау
  • Кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру және оның қарыжысын басқару
  • Қаржылық тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету тәсілдерін анықтау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттерді қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп және олармен жұмыс істеуге үйрету
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру үшін дұрыс шешімдерді қабылдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қаржылық менеджменттің мазмұны, қажеттілігі және функциялары
  • Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және ақпараттық базасы Қаржылық менеджменттің негізін қалаушы тұжырымдамалары: ақша ағыны; ақша ресурстарының уақытша құндылығы; табыстылық пен тәуекелділік арасындағы компромисс; капитал құны; капитал нарығының тиімділігі; ақпараттың ассиметриялылығы; агенттік қарым-қатынастар; баламалы шығындар; шаруашылық субъектісінің уақытша шектеусіз қызмет ету
  • Қаржылық жоспарлау және болжау
  • Кәсіпорынның қаржылық ресурстары Қаржылық ресурстардың қажеттілігі мен мәні
  • Ақшаның уақытша құндылығы тұжырымдамасы
  • Тәуекел және табыстылық Тәуекел – менеджмент қаржылық менеджменттің элементі ретінде
  • Залалсыздық теориясы Операциялық тұтқа
  • Қаржылық тұтқа әсері Қаржылық тұтқа: мәні мен бағалануы
  • Капитал құрылымының теориясы: Модильяни – Миллер модельдері, компромистік модельдер
  • Дивиденттік саясатты басқару
  • Капитал құны Кәсіпорын капиталының жіктелуі
  • Инвестициялық жобаларды талдау әдістері Жобаның жеке тәуекелі
  • Айналым активтері мен қысқамерзімді міндеттемелерді басқару
  • Ақша қаражаттарын басқару модельдері
  • Қорларды басқару
Негізгі әдебиет
  • Бланк И.А. Основы финансового менеджмента: Учебный курс. - М.: Омега-Л, 2012.- 1330 с.
  • Ковалев В.В. Финансовый менеджмент: теория и практика - М.: Проспект, 2010. -1024 с.
  • Куур О.В. Финансовый менеджмент: меры по антикризисному управлению: Учебное пособие. - Усть-Каменогорск: КАСУ, 2010. – 113 с.
  • Principles of Corporate Finance, 10th Edition 10th Edition ' Richard A. Brealey (Author), Stewart C. Myers (Author), Franklin len (Author), 2015.
  • Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник/ Под ред. Е.С. Стояновой. – М.: Перспектива, 2010. – 574 с.
  • Аленичева Е.Е. Қаржы менеджменті. - Қарағанды: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2011. – 212 б.
  • Есенгельдин Б.С. Қаржылық менеджмент. - Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 286 б.
  • Мадиярова Э.С., Суйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент. – Алматы: Экономика, 2009. – 262 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Брейли Р., Майерс Принципы корпоративных финансов.- Олимп-Бизнес, второе издание, 2008. – 1012 с.
  • Финансовый менеджмент: Учебник/ Под ред. А.М.Ковалевой. - М.: ИНФРА-М, 2013. – 336 с.
  • Куур О.В., Козлова М.В. Финансовый менеджмент. Конспект лекций. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2010. - 96 с.
  • Мадиярова Э.С., Суйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент. – Алматы: Экономика, 2009. – 262 б.