Қор нарығының операциялары және қаржылық инструменттері

Биханова Алмагуль Советовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Берілген пән өзіне келесілерді зерттеуді қосады: - қаржы нарығын, сондай-ақ, бағалы қағаздар портфелін басқару саясатын; - Қазақстан Республикасының қор нарығын; сондай-ақ, қор нарығының қаржылық құралдарының мазмұнын және маңызды даму тенденцияларын; Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет етуі мәселелері бойынша негізгі заңнамалық және нормативтік-нұсқамалық материалдар.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Қор нарығы операциялы саласында пайдалану үшін алған білімдерін, дағдылары мен икемдерін қолдана білу қабілеті, сондай-ақ қаржылық құралдар нарығы мен олардағы баға белгіленімдерін талдау жүргізу, сондай-ақ, қаржылық делдалдар қызметіне талдау жүргізу әдістеріне ие болу
Міндет
  • Әртүрлі қаржылық нарық құралдарын пайдалану дағдыларына ие болу, қаржылық шешімдердің ұсынылатын нұсқаларын талдай білу және қор нарығы операцияларын анықтау үшін тиімділік және тәуекелдер критерийлерін ескерумен оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлей және негіздей алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - бағалы қағаздардың бағасын белгілеу саласындағы мақсатты қаржылық көрсеткіштерді анықтау, нарықтық тәуекелдерді болжау және өлшеу әдістеріне ие болу, валюталық, пайыздық, тауарлық және бағалы қағаздар портфеліне әсер ететін басқа да тәуекелдерді қоса отырып, қаржылық тәуекелдерді үлгілей алу; - қаржылық міндеттемелерді есептеу кезінде теориялық білімдерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - қор нарығы операцияларымен байланысты үгілеу үдерісінде пайдаланылатын талдамалық зерттеулерді жүргізу және болжамдарды дайындау; - талдамалық зерттеулерді жүргізу және оларды кәсіби ортада бейімдеу, әртүрлі шарттар мен жағдайларда икемді және мобильді болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қор нарығы операциялары саласында пайдалану үшін алған білімдерін, икемдері мен қалыптасқан дағдыларын қолдана білу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қазақстан Республикасында және шетелдегі қор нарығының заманауи жағдайының мониторингін жете түсіну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қор нарығы саласында алған дағдыларын қаржылық құралдарен байланысты ары қарайғы зерттеулерде пайдалану
Негізгі әдебиет
  • 1. Қаржы нарықтары мен делдалдары. проф. У.М.Искаковтың жалпы ред. Оқу құралы.-Алматы.:Экономика, 2009 2. Чернова Г.В., Кудрявцев А.А. Управление рисками. М. 2011 3. Шапкин А.С. Экономические и финансовые риски. Оценка, управление, портфель инвестиций. –М.: 2010.–549 с