Салықтық есептеме

Байтикенова Гульжан Альпековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе және оны Интернет арқылы беру арқылы электронды түрде салық есептілігін жасау және табыс ету ережелерін зерделеу

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қаржылық есеп 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • салық есептілігін жасау мен ұсынудың қазіргі заманғы әдістерін меңгерген мамандарды даярлау. Бұл курс салық есептілігінің түсінігі мен түрлерін ашады: өтініштер, есептер, декларациялар, салық есептілігін жасау және табыс ету, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін баяндайды.
Міндет
  • студенттерді салық есептілігі нысандарын құрастырудың негізгі ережелерімен таныстыру; салық салу объектілері және салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашу; салық есептілігі нысандарын электронды түрде толтыруға және оларды Интернет желісі арқылы беруге мүмкіндік беретін интеграцияланған салық ақпараттық жүйесінің кешенін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • салық заңнамасы саласында білімі болуы және кәсіпорындардың салықтық есеп саясатын жүргізу ерекшеліктерін түсіну;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға, оның ішінде салық төлемдерін есептеу және оңтайландыру және салық есептілігін жасау бойынша салық консультациясын жүзеге асыруға қабілетті, қолданылып жүрген салық заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде салық есептерін орындауға қабілетті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әлемдік экономика үдерістеріне және салық заңнамасындағы үнемі болып отыратын өзгерістерді есепке ала отырып, болып отыратын құбылыстарға жылдам бейімделу. Салық салуды үйлестіру мақсатында салықтық іс-әрекеттердің әр түрлі инструменттерін қолдану дағдысын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үйрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Оқыту әдістері

проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; Жоба әдісі бойынша оқытуды ұйымдастыру оқытушының алдына барлық білім алушыларды проблемалық жағдайға және әрбір сабаққа тартуды қамтамасыз ету міндетін қояды. Яғни, құрылымдалған және жүйеленген түрде проблемалық жағдайды шешу үшін ақпарат бере отырып, сабақ мазмұнының проблемалық-бағытталған сценарийін құру міндеті. 2) кейстер әдісі (жағдайды талдау); Кейс-технология білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, шағын топтарда күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырады, мамандарға күтпеген жағдайларды талдау қабілеттерін табысты меңгеруге, шешім қабылдау алгоритмдерін өз бетінше әзірлеуге көмектеседі. 3) ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту нәтижесіне қол жеткізу мақсатында студент пен оқытушы арасындағы оңтайлы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 4) коммуникативтік технологиялар (дискуссия, ми шабуылы қойылған мәселелерді шешу үшін шығармашылық, ұжымдық жұмыс формасы ретінде).

Негізгі әдебиет
  • 1 Налоговый кодекс РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» с изменениями и дополнениями на 01.2020 г.
  • 2 Бурамбаева А. К. Налоги и налогообложение. Учебное пособие., Астана, 2015 г.
  • 3 Закон «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года №234-ЗРК с изменениями и дополнениями на 1.01.2020 г.
Қосымша әдебиеттер
  • Правила составления форм налоговых регистров». Интернет-сайт Налогового Комитета Комитета государственных доходов РК www.salyk.kz
  • Журнал Бухгалтерский и налоговый учет в РК. -2019