Электротехниканың теориялық негіздері II

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Электр энергетикасы мамандарын даярлау кезінде теориялық деңгейді анықтайтын техникалық мамандықтардың негізгі түріне жатқызылады. Пәннің құрамына электр энергеиясын таратуда, қолдануда және өндіру кездерінде электрмагнитті құбылысты пайдалану, электр техникасының және технологияларының мәселелерін шешу енгізілген.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Электротехниканың теориялық негіздері I

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Электр және магнит тізбектеріндегі, сонымен қатар магнит өрісіндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді саны және сапасы жағынан оқып үйрену пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Міндет
  • ЭТН II курсының мақсаты мамандыққа тікелей қатысы бар пәндерді оқып үйрену кезінде магнит өрісі, элетр тізбектеріндегі тұрақталған және өтпелі үрдісті сандық және сапалық жағынан қарастыру бағытында кездесетін сұрақтарға дайындау пәннің негізгі міндеті болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттер білуі тиіс: - сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді есептеу тәсілдерін; - тізбектердің негізгі теңдеулері мен сипаттамаларын; - сызықты емес және магнитті тізбектерді сараптау тәсілдерін; - электр магнитті өрістер сипаттайтын негізгі қатынастарды
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Электр қондырғыларын және аппараттарын қосу, оларды басқару, қауіпсіз жұмыс жасау; -тәжірибелік жұмыс; алған білімдерін электр техникасында қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Техникалық бақылаудың әдістері мен құралдары, бақылау және сапаны бақылау әдістері. техникалық есептеулер мен зерттеулер жүргізудің әдістері, нәтижелерді өңдеу тиімділігі. электр заңдары және электрлік және магниттік тізбектерді талдау әдістері.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі, зеректілік.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқу соңында студенттер одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылардың көлемін алып, практикалық дағдыларға ие болуы керек.
Оқыту әдістері

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Студенттердің білімді іздеуге және басқаруға, проблемаларды өз бетінше шешуде тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: - проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиясы; - білім беру ғылыми-зерттеу қызметінің технологиясы; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, «шабуыл», «пікірсайыс» және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, симуляциялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Дәріс конспекті, тақырып 1-7 0-100
Бақылау жұмысы 1
ЕГЖ1
Зертханалық жұмыс 1
Зертханалық жұмыс 2
Аралық тестілеу (РК1)
2  рейтинг Дәріс конспекті, тақырып 8-15 0-100
Бақылау жұмысы 2
ЕГЖ2
ЕГЖ3
Зертханалық жұмыс 3
Аралық тестілеу (РК2)
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Өтпелі үрдістердің пайда болуы
  • R, L, C элементтерін тұрақты кернеуге қосу
  • Өтпелі үрдістерді классикалық әдіспен есептеу
  • Лаплас тұрлендіруін өтпелі үрдістерді есептеуде қолдану
  • Өтпелі үрдістерді операторлық әдіспен есептеу
  • Төрт полюстіктер және олардың негізгі теңдеулері
  • Ұзын желідегі токтар мен кернеулер
  • Қарапайым сызықты емес тізбектердің элементтері және эквивалент сұлбалары
  • Шығынсыз желілер
  • Сызықты емес элементтері бар тармақталмаған тізбектерді графикалық әдіспен есептеу
  • Параллель жалғанған сызықты емес элементтерді графикалық әдіспен есептеу
  • Магнит өрісінің негізгі түсініктері мен заңдары
  • Тармақталған және тармақталмаған магнит тізбектерін есептеу
  • Тұрақты токтагы магнит өрісі
  • Айнымалы электр магнитті өріс
Негізгі әдебиет
  • 1. Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники. – М.: Гардарика, 2011, - 640 с. 2. Теоретические основы электротехники. Т. 1: учебник для вузов / К.С. Демирчян, Л.Р. Нейман, Н.В. Коровкин. – 5-е изд. – СПб.: Питер, 2013. – 512 с. 3. Теоретические основы электротехники. Т. 2: учебник для вузов / К.С. Демирчян, Л.Р. Нейман, Н.В. Коровкин. – 5-е изд. – СПб.: Питер, 2012. – 432 с. 4. Теоретические основы электротехники. Электрические цепи: учебник для бакалавров / Л.А. Бессонов. – 11-е изд., перераб. и доп. – М.: Юрайт, 2012. – 701 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Электротехника и электроника: Учебник для вузов. /Под ред. Б. И. Петленко. -М.: Академия, 2003. - 230 с. 2. Данилов И.А., Иванов П.И. Общая электротехника с основами электроники: Учеб. пособие - М.: ВШ, 2000. - 752 с. 3. Прянишников В. А. Электроника: Полный курс лек-иий ■ Ч-е \:т... испр. и доп. - СПб.: Учитель и ученик: КОРОНА принт. 2003. - 416 с ил 4. Лачин В.И. Электроника. - М.:ВШ, 2000.