Теориялық механика

Байзакова Гульмира Абылгазиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Маңызды жалпы білім беру пәні, оның мақсаты болашақ мамандарға тепе-теңдік және практикада кездесетін түрлі механизмдердің қозғалысы туралы негізгі түсініктер беру болып табылады. Бұл курс әр түрлі тетіктердің тепе-теңдік және қозғалысының негізгі ұғымдарын, тәжірибеде кездесетін тетіктердің байланыстарының қозғалуын кинематикалық және динамикалық зерттеуді қарастырады.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Материалдық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым. Статика, кинематика және динамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Статика бөлімінде абсолют қатты денеге әсер ететін әр түрлі күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары қарастырылады. Кинематика бөлімінде әсер ететін күштерді ескермей, материалдық нүктенің, абсолют қатты дененің қозғалыстарының жалпы геометриялық сипаттамалары қарастырылады. Динамика бөлімінде материалдық нүктенің, қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер және материялық объектілердің инерттілігі (массасы) ескеріледі.
Міндет
  • Теориялық мәлiметтердi жақсы ұғынып, есептерiн дұрыс шығарып үйрену үшiн студент сабақта оқытушының айтқанын аса мұқият тыңдауы, түсiнбеген тұстарын бiрден сұрап отыруы және сабақтан тыс уақытта өз бетiнше оқулықтан тақырыптарды үнемi пысықтап отыруы қажет. Студенттердiң пән курсына қызығушылығын арттыру үшiн оқытушылар сабақта өмiрден және де студенттердiң болашақ мамандықтарынан мысалдар келтiрiп отырғаны абзал. Ғылымның даму тарихынан да мәлiметтер берiлгенi дұрыс. Бұл ғылымды игерудегi талапкерлiк, еңбекқорлықтың көрнекi мысалдары бола алады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: -механиканың негізгі ұғымдарын; -механиканың аксиомалары мен теорияларын қолданып, күштер жүйесін түрлендіру тәсілдерін, абсолютты қатты денелердің, түйіскен күштердің, параллель күштердің, жазықтықта және кеңістікте кез-келген түрде түсірілген күштердің әсерімен тепе-теңдікте табылу шарттарын; -нүктенің қозғалысын беру әдістерін, оның жылдамдығы мен үдеуін, нүкте мен дененің қозғалыс түрлерін -динамиканың негізгі ұғымдарын
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Теориялық механиканың (статика, кинематика, динамика бөлімдерінің) заңдары мен қағидаларын терең игеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Механикадағы есептерді талдау және қорытындылау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Түйінді құзыреттер болып табылады: кәсіби қызметте пәндердің негізгі заңдарын қолма-қол бейымдеу қабілеті, зертханалық және эксперименттік зерттеулерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды, математикалық анализ және үлгілеу әдістерін қолдану қабілеті; механикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; өндірістік жағдайда шешімдер табу қабилеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Техникалық және инженерлік есептерді шешкенде теориялық механиканың заңдарын қолдана білу.
Негізгі әдебиет
  • 1. Никитин Н.Н. Курс теоретической механики. – М.: Высшая школа, 1990 г.- 608 с. 2. Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. – М.: Высшая школа, 1986 г.- 416 с. 3. Яблонский А.А., Никифорова В.М. Курс теоретической механики, ч. 1, 2. – Санкт-Петербург, 2002 г.- 650 с. 4. Левитская О.Н., Левитский Н.И. Курс теории механизмов и машин. Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1985 г.- 280 с. 5. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. – М.: Наука, 2002 г.- 480 с.