Механика

Сипаттама: Тәжірибеде кездесетін әртүрлі механизмдердің тепе-теңдік және қозғалысы туралы негізгі түсініктер. Болашақ маманның инженерлік ойлауын қалыптастыру, қолданбалы ғылымдар, физика және математика арасындағы байланысты орнатуға ықпал етеді. Әртүрлі механизмдердің тепе-теңдік және қозғалысы туралы негізгі түсініктер, практикалық қызметте кездесетін механизмдер буындарының қозғалысын кинематикалық және динамикалық зерттеу.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Механика – материалдық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым. Механика пәні статика, кинематика және динамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Статика бөлімінде абсолют қатты денеге әсер ететін әр түрлі күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары қарастырылады. Кинематика бөлімінде әсер ететін күштерді ескермей, материалдық нүктенің, абсолют қатты дененің қозғалыстарыныңжалпы геометриялық сипаттамалары зерттеледі. Динамика бөлімінде материалдық нүктенің, қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер және материялық объектілердің инерттілігі (массасы) ескеріледі.
Міндет
  • “Механика” курсындағы теориялық мәлiметтердi жақсы ұғынып, есептерiн дұрыс шығарып үйрену үшiн студент сабақта оқытушының айтқанын аса мұқият тыңдауы, түсiнбеген тұстарын бiрден сұрап отыруы және сабақтан тыс уақытта өз бетiнше оқулықтан тақырыптарды үнемi пысықтап отыруы қажет. Студенттердiң “Теориялық механика” курсына қызығушылығын арттыру үшiн оқытушылар сабақта өмiрден және де студенттердiң болашақ мамандықтарынан мысалдар келтiрiп отырғаны абзал. Ғылымның даму тарихынан да мәлiметтер берiлгенi дұрыс. Бұл ғылымды игерудегi талапкерлiк, еңбекқорлықтың көрнекi мысалдары бола алады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: -механиканың негізгі ұғымдарын; -механиканың аксиомалары мен теорияларын қолданып, күштер жүйесін түрлендіру тәсілдерін, абсолютты қатты денелердің, түйіскен күштердің, параллель күштердің, жазықтықта және кеңістікте кез-келген түрде түсірілген күштердің әсерімен тепе-теңдікте табылу шарттарын; -нүктенің қозғалысын беру әдістерін, оның жылдамдығы мен үдеуін, нүкте мен дененің қозғалыс түрлерін -динамиканың негізгі ұғымдарын
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Теориялық механика» курсын білу «Материалдардың кедергісі», «Құлылымдау негіздері және машиналардың бөлшектері» пәндерін оқу үшін қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Тепе-теңдік есептері, тепе-теңдіктің тұрақтылығы, технологияда кездесетін механизмдердің компоненттерінің кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтау саласындағы өндірістік қызметке мамандарды даярлау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Келесі пәндердегі мәселелерді шеше білу және жақсы дайындық
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Теориялық механиканың негізгі ұғымдары. Статиканың негізгі анықтамалары мен аксиомалары. Күш. Күштер жүйесі. Абсолют қатты дененің тепе-теңдігі. Статиканың негізгі мәселелері. Байланыстар және байланыс реакциялары.
  • Жинақталатын күштер жүйесі. Жинақталатын күштердің тепе-теңдік шарттары.
  • Күш моменттері теориясы. Күштің нүктеге (жазықтықтағы) қатысты моменті және оның қасиеттері. Тең әсер етуші күштің моменті туралы Вариньон теоремасы. Күштің өске қатысты моменті және оның қасиеттері. Күштің нүктеге қатысты моментінің векторы.
  • Қос күштер теориясы. Қос күштердің векторлық және алгебралық моменті. Қос күштің эквиваленттігі туралы теоремалары. Қос күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.
  • Күштердің кез келген жазық жүйесі. Күштердің кез келген жазық жүйесін келтірудің дербес жағдайлары. Күштердің кез келген жазық жүйесінің тепе-теңдік шарты мен теңдеулері.
  • Кез келген кеңістіктік күштер жүйесі. Кез келген кеңістіктік күштер жүйесін берілген центрге келтіру (Пуансо теоремасы). Кез келген кеңістіктік күштер жүйесінің бас векторы мен бас моментінің аналитикалық формулалары. Кез келген кеңістіктік күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары және теңдеулері. Параллель кеңістіктік күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары және теңдеулері.
  • Ауырлық центрі. Параллель күштер центрі. Ауырлық центрін табу әдістері.
  • Үйкеліс. Сырғанау үйкелесі кезіндегі тепе-теңдігі. Домалау үйкелісі.
  • Нүкте кинематикасы. Материалдық нүкте қозғалысының берілу әдістері. Нүкте жылдамдығы, үдеуі.
  • Қатты дене кинематикасы. Қатты дененің ілгерілемелі, тұрақты өсті айналмалы, жазық-параллель қозғалыстары.
  • Нүктенің күрделі қозғалысы. Салыстырмалы, тасымал және абсолют қозғалыстары. Жылдамдықтары мен үдеулері. Үдеулерді қосу туралы теорема.
  • Қатты дененің жазық қозғалысы. Теңдеуі, дене нүктесінің жылдамдығы. Жылдамдықтардың лездік центрі. Дене нүктелерінің үдеулері. Үдеулердің лездік центрі.
  • Материалдық нүкте динамикасы. Динамиканың негізгі аксиомалары. Материалдық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Динамиканың негізгі екі есебі. Материалдық нүктенің сызықты және еркін емес қозғалыстыры. Нүкте үшін Даламбер принципі.
  • Материалдық нүкте жүйесінің динамикасы. Негізгі ұғымдары. Ішкі және сыртқы күштер, олардың қасиеттері.
  • Даламбер принципі. Материалдық нүкте жүйесі үшін Даламбер принципі.
Негізгі әдебиет
  • 1. Никитин Н.Н. Курс теоретической механики. – М.: Высшая школа, 1990 г.- 608 с. 2. Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. – М.: Высшая школа, 1986 г.- 416 с. 3. Яблонский А.А., Никифорова В.М. Курс теоретической механики, ч. 1, 2. – Санкт-Петербург, 2002 г.- 650 с. 4. Левитская О.Н., Левитский Н.И. Курс теории механизмов и машин. Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1985 г.- 280 с. 5. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. – М.: Наука, 2002 г.- 480 с.
  • 1 Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика. Алматы, 2002 – 575б. 2 Нұғыман, Аманжол М. Теорилық механика негіздері: Оқулық – Алматы, 2005 – 275б. 3 Іңкәрбеков А. Теориялық механика. Статика және кинематика: Оқулық – Алматы: Мектеп, 2005 – 232б. 4 Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.К. Теориялық механика есептер жинағы. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2003 – 393б. 5 Төреқожаев Ә.Н., Именов И., Төлегенова Қ. Теориялық механика: Курстық және семестрлік жұмыстар: Оқу құралы – Алматы: Мектеп баспасы, 2005 – 216б.
Қосымша әдебиеттер
  • 6 Жапаров Ж.Ж. Теориялық механика есептерін шешу. Алматы: Ана тілі, 1993, 168 б. 7 Қатты дене статикасы: «Теориялық механика» пәнін оқитын студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау мен тапсырмалар. / А.Е. Қасымов.- Өскемен.: ШҚМТУ, 2008. -28 б. 8 Іңкәрбеков А. Теориялық механика. Динамика: Оқулық –Алматы: Мектеп, 2012 – 292 б.