Кәсіпорын экономикасы

Сипаттама: Кәсіпорынның өндірістік, еңбек, қаржылық ресурстары, негізгі және айналым қорларын молайту, оларды тиімді пайдалану оқытылады. Тауарлы-материалдық қорларды басқарудағы логистикалық тәсіл, өзіндік құнды төмендету резервтерін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін оқытылады. Нәтижесінде білім алушылар ресурстарды, капиталды салымдарды және инвестициялық жобаларды пайдаланудың тиімділігін анықтай алуы керек, бұл кәсіпорынның даму бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Кәсіпорынды нарықтық экономикадағы экономикалық жүйе ретінде, өндіріс тиімділігін арттырудың әдіснамалық негіздерін; басқаруда экономикалық білімді қолдануды оқыту.
Міндет
  • Нарықтық экономикадағы кәсіпорын қызметінің ұстанымдарын, рөлін; өндірістік ресурстар мен оларды тиімді пайдалану, сапасы мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды оқыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кәсіпорынның өндірістік ресурстары,оны тиміді пайдалануды оқыту, экономикалық басқару шешімдерімен танысу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыру үшін ресурстарды рациональды пайдалана білу керек
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өқызметтің экономикалық категориясына кәсіби білімді болу қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қоғамдық қатынас үшін кәсіпорынның экономикалық қызметі жайлы ақпаратты қолдану, өндіріс жабдықтарын басқаруда құзырлы болу қажет
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби білімді жүйелі түрде жетілдіру, ғылыми және тәжірибелік негізде арнайы оқуды жетілдіру қажет
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кәсіпорын шаруашылық нысан ретінде, экономикалық жүйенің негізгі буыны. Кәсіпорынның негізгі қоры. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорынның негізгі құралдарын (негізгі қорларын) бағалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаты. Кәсіпорынның айналым қаражатын (айналым қарларын) пайдалануды жетілдірудің негізгі бағыттары. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорын дамуындағы рөлі, оны өлшеу әдістері. Кәсіпорындағы еңбек ақы. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі: инвестициялық белсенділік және кәсіпорынның тартымдылығын бағалау әдісі; кәсіпорынның инновациялық қызметі - мәні, міндеттері және жаңашылдықтарды басқару. Өндірістік шығындар мен өнімді өткізу. Өнімді өткізу мен кәсіпорынның өндіріс. шығындарын қалыптастырудың Қазақстандық тәжірибесі. Кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау. Кәсіпорын мен өнімнің бәсекелестігі. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі
Негізгі әдебиет
  • Куатова Д.Я. Экономика предприятия. Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2011. 2. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.Я.Горфинкеля, проф. В.А.Швандара.–3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2010. – 718 с. 3. Зайцев Н.Л. «Экономика промышленного предприятия»: ИНФРА 2010. 4. Экономика предприятия: учебник / Л.А.Чалдаева. – Москва: Юрайт, 2015. 5. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. А.Е.Карлика, М.Л.Шульхгальтер. – М.: ИНФРА-М, 2016.
Қосымша әдебиеттер
  • Экономика предприятий (организаций): учебник / А.И.Нечитайло, А.Е.Карлик. – Москва: Проспект: Кнорус, 2015. 2. Экономика фирмы: Учебник / Под общ. ред. Н.П.Иващенко – М.: ИНФРА-М, 2015.