Тұрлі технологиялық үдерісті автоматтандыру

Кадыролдина Альбина Талапжановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән білім алушыны Өндірісте технологиялық процестерді басқару үшін қолданылатын автоматты жүйелерді құрастыру және талдау және синтездеу әдістерімен таныстырады.Автоматтандыру жүйелерін құру принциптері , олардың рөлі және әртүрлі технологиялық жүйелерде орындалатын функциялар. Қолданылатын автоматты құрылғылардың түрлері, олардың құрылысы және жұмыс істеу принципі. Автоматика жүйелерінің жұмыс сапасын практикалық бағалау және автоматты құрылғылардың қажетті сапалы көрсеткіштерін қамтамасыз ету тәсілдері.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Экзамен

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты: автоматика жүйелерін құру құрылымын, реттеу принциптерін, автоматика жүйелерінің негізгі элементтерінің түрлері мен сипаттамаларын оқу, қайта өңдеу өндірістерінің өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша дағдыларды меңгеру, реттеу сапасын анықтау, автоматика бойынша инженерлік – конструкторлық құжаттамамен қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу, әр принципінде іс-әрекеттер жиынтығының логикалық реттілігінде реттеу принциптерін салыстырмалы талдаумен танысу.
Міндет
  • Пәнді оқу барысында студенттер білуге: - автоматтандыру саласындағы жаңа жетістіктер туралы; - автоматика жүйелерін әзірлеудің және қолданудың теориялық негіздері; - автоматика жүйесінің құрылымдық элементтерін оқыту; - технологиялық процестерді автоматтандыру кезінде қолданылатын аспаптар мен құралдар, олардың жұмыс істеу принципі және пайдалану шарттары ; - автоматтандыру сұлбаларының түрлерін үйрену; - қарапайым және күрделі технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесін құрудың негізгі принциптері мен әдістері туралы; білу: - автоматика жүйелерінің негізгі құралдары мен құрылғыларын таңдауды экономикалық негіздеу ; ; - технологиялық процестерді автоматтандыру мәселелерін шешу үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Басқару жүйелерін құрудың іргелі принциптерін, негізгі алгоритмдік белгілері бойынша жүйелердің жіктелуін және тиісті алгоритмдік схемаларды тұйықталған және ажыратылған жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін, Басқару жүйелеріндегі кері байланыстың рөлін білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Енгізілетін жаңа жабдықты игеру, автоматтандыру жүйесінің қолданыстағы жабдықтарының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурсын тексеру, қажет болған жағдайда кәсіпорынның өндірістік учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешімдердің алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу, өндірістік учаскелерді құру немесе қайта ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындау, қызметкерлердің және еңбекақы төлеу қорларының жұмысын жоспарлау, пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жүйелі зерттеуге негізделген зерттеу қызметінің базалық әдістерін пайдалана отырып, инновациялық жобалармен жұмыс істеуге қатысу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін және оларды авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың ықтимал зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ететін автоматтандыру мен басқарудың энергия үнемдейтін және экологиялық таза жүйелерін әзірлеу үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдану.
Оқыту әдістері

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг 0-100
2  рейтинг 0-100
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Современный уровень автоматизации технологических процессов в отраслях промышленности
  • Типовые схемы автоматизированного регулирования технологических переменных (расхода, давления, температура, уровня, концентрация, и
  • Последовательность выбора системы автоматизации
  • Регулирование основных технологических параметров
  • Автоматизация систем регулирования расхода
  • Автоматизация систем регулирования уровня
  • Автоматизация систем регулирования давления
  • Автоматизация систем температуры
  • Автоматизация систем регулирования параметров состава и качества продукта
Негізгі әдебиет
  • Боронихин А.С., Гризак Ю.С. Основы автоматизации производства, вычислительная техника и контрольно-измерительные приборы на предприятиях перерабатывающей промышленности: Учебное пособие. - М.: Стройиздат, 2001.
  • Каханов А.А. Системы управления для автоматизации производственных процессов. – Усть – Каменогорск: ВКГТУ, 2002.
  • Современные технологии автоматизации: Ежеквартальный журнал. – М.: Изд. СТА – ПРЕСС.