Автокөлік құралдары

Сипаттама: Пән аясында жалпы құрылғыны, автокөлік құралдарының жіктелуін, автокөлік құралдарының типтік механизмдері мен жүйелерінің арналуын, әрекет ету принциптерін және конструкциясын, қозғалыс теориясының негіздерін және автокөлік құралдарының пайдалану қасиеттерінің олардың техникалық параметрлері мен конструктивтік ерекшеліктерімен өзара байланысын оқып үйрену қарастырылған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларда елдің автомобилизациясының жоғары деңгейі жағдайында жер үсті көлігін пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша одан әрі кәсіби қызмет үшін қажетті автокөлік құралдарының жүріс теориясының негіздері мен конструкциясы бойынша білімді қалыптастыру.
Міндет
  • Білім алушыларда автокөлік құралдарының техникалық жағдайын басқару және көлік процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны сақтау мақсатында олардың конструкциясы мен қозғалыс теориясының негіздері саласында кең теориялық дайындық негіздерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Автокөлік құралдарының негізгі агрегаттарының, механизмдері мен жүйелерінің жіктелуі, мақсаты, құрылысы және жұмыс істеу принципі және олардың пайдалану қасиеттерінің негіздері бойынша арнайы білімді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Автокөлік құралдарының негізгі пайдалану қасиеттерін есептеу және талдау әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Автокөлік құралдарының механизмдері мен жүйелерінің пайдалану қасиеттерін қалыптастыруға негізгі сипаттамалары мен жұмыс процестерінің әсерін талдаудың арнайы білімі мен әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қазіргі заманғы автокөлік құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеру, автокөлік құралдарының негізгі агрегаттарының, механизмдерінің және жүйелерінің техникалық деңгейін бағалай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білім алуды жалғастыру үшін және кәсіптік қызметіне қажетті арнайы білімдерді игеру машықтарын қалыптастыру.
Негізгі әдебиет
  • 1. Вахламов В.К. Автомобили: Основы конструкции/ Учебник для студентов вузов/ В.К. Вахламов. – М.: ИЦ «Академия», 2008. – 528 с. 2. Давыдов А.А. Теория движения автомобиля: Учебно-методическое пособие/ А.А Давыдов, А.А. Макенов. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2015. – 156 с. 3. Иванов А.М. Основы конструкции современного автомобиля: Учебное пособие/ А.М. Иванов, А.Н. Солнцев, В.В. Гаевский, Н.П. Клюкин, В.И. Осипов, А.И. Попов. – М.: ООО «Издательство «За рулем», 2012. – 336 с. 4. Масленников Р.Р. Развитие и современное состояние мировой автомобилизации: Учебное пособие [Электронный ресурс]/ Р.Р. Масленников, А.В. Косолапов. – Кемерово: КузГТУ, 2012.