Жүктану

Сипаттама: Пән жүктану теориясының теориялық, практикалық және әдістемелік негіздерін, көліктің әр түрлерінде қолданылатын жүктердің көліктік және халықаралық жіктелуін, көліктік-ілеспе құжаттарды жасау ережелерін, тасымалдау сапасын қамтамасыз ету мақсатында орамда және ыдыста әр түрлі жүктерді таңбалауда сәйкестендіру белгілерін салу тәсілдерін оқып үйренуді қарастырады.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жүк жүргізу тұжырымдамасының эволюциясы туралы түсінікке ие болу, мақсаты мен стратегиялық элементтерді, жүктердің жіктелуін, жүкпен технологиялық операциялардағы шешімдер фазаларын білу, Жүк тасымалдауды оңтайландыру мәселелерін білу және шешу.
Міндет
  • Жүктердің халықаралық көліктік жіктелуі және автокөлікте қолданылатын жіктелуі туралы түсінігі болуы тиіс. Білуі тиіс: тасымалдау құжаттарын толтыру ережесін; жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларын; істей білуі тиіс: жүктерді таңбалауда ақпараттық жазбалар мен манипуляциялық белгілерді пайдалануды; көліктік ыдыстағы жүк бірліктерінің санын және жүктерді жеткізу мерзімін есептеуді; тауарлық-көліктік құжаттаманы толтыруды.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттер пәнді оқу кезеңінде жүктердің әртүрлі классификацияларымен, ыдыссыз және ыдыссыз жүктерді тасымалдау ережелерімен, арнайы жүктермен, шарттық, тауарлық-көліктік және тасымалдау құжаттарын толтыру ережелерімен танысады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студент жүктердің әр түрлі классификацияларын құру принциптерін білуі тиіс; таңбалаудың мазмұнын және оны жағу тәсілдерін, жүктердің әр түрлі түрлеріне арналған жылжымалы құрамды таңдау тәсілдерін білуі және түсінуі; жүктерді жеткізу мерзіміне әр түрлі факторлардың әсерін түсінуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қазіргі көлік жүйелерінің жүк жүргізуінде қолданылатын негізгі ережелермен байланысты білімді қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Студент терең кәсіби даярлықты кез келген жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жаңа ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді қазіргі заманғы деңгейде қолдана және жүзеге асыра білумен ұштастыруы тиіс.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қазіргі заманғы техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, алған білімдерін болашақ мамандықта немесе одан әрі магистратурада оқи білу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1-тақырып Жүктердің халықаралық және көліктік жіктелуі
  • 2-тақырып Жүктер мен көлік жабдықтары
  • 3-тақырып Жүктерді тасымалдаудың негізгі ережелері
  • 4-тақырып Ыдысты-даналы жүктерді тасымалдау
  • 5-тақырып Тиелетін жүктерді тасымалдау
  • 6-тақырып Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау
  • 7-тақырып Жүктерді контейнерлермен және пакеттермен тасымалдау
  • 8-тақырып Қауіпті жүктерді тасымалдау
  • 9-тақырып Құрылыс жүктерді тасымалдау
  • 10-тақырып Үлкен салмақты жүктерді және габаритті емес жүктерді тасымалдау
  • 11-тақырып Жануарларды, құстарды және карантинге жатқызылған жүктерді тасымалдау
  • 12-тақырып техниканы тасымалдау
  • 13-тақырып Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау
  • 14-тақырып Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Негізгі әдебиет
  • 1 Козырев В.К. Грузоведение. Учебник, Изд. 2-е, дополненное и исправленное. - Одесса: Фенікс: М.: РКонсул, 2005 2 Горев А.Э. Грузовые автомобильные перевозки. Учебное пособие, М.: ИД Академия, 2008 3 Лукинский В.С. Транспортировка в логистике. Учеб. пособие / В. С. Лукинский, В. В. Лукинский, И. А. Пластуняк, Н. Г. Плетнева. - Спб.: СПбГИУЭ, 2005 4 Джежер Е.В., Ярмолович Р.П. Транспортные характеристики грузов. Учебное пособие, изд-во ТрансЛит, Феникс 2007г.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Еловой И.А. Грузоведение . Учебно-методическое пособие для практических занятий. - Гомель: БелГУТ, 2008. 2. Правила перевозок грузов железнодорожным транспортом /МПС РФ. - М.: Юртранс. Сб.-кн. 1. - 2003 3. Правила перевозок опасных грузов по железным дорогам, 2014 (РФ).