Автомобиль құрастырудағы" Канбан " жүйесі

Сипаттама: Пәнде: "Канбан" жүйесінің мәні, ол өндірістік процестің барлық позицияларында өндірістік тапсырмаларды үздіксіз орындауды ұйымдастыру, "Тойота" компаниясында бір және екі карточкаларды пайдалана отырып, "канбан" жүйесін қолдану, "канбан"жүйесінің артықшылықтары қарастырылады. Өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қойма қорларын барынша азайту мақсатында қорларды басқару жүйесі оқытылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • "Канбан" жүйесін қолдану барысында студенттерде материалдық ағындарды басқару саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру. Өндірістің логистикасы саласындағы мәселелерді талдау және логистиканың басқа функционалдық салаларымен өзара байланыста оларды шешу бойынша тиімді ұсыныстарды әзірлеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Міндет
  • Пәннің негізгі оқу міндеттері: "канбан"жүйесін қолдана отырып, өндірістік жүйелерде болып жатқан үрдістер туралы студенттердің жүйелі түсінігін дамыту;өндірістік жағдайларда ағысты ұйымдастырудың негізгі принциптері және оны тиімді басқару, сондай-ақ өндіріс логистикасын жетілдірудің қазіргі тәсілдері туралы білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Әртүрлі үлгідегі өндірістік жүйелерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктерін; материалдық ағындарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін; "канбан"жүйесін қолдана отырып материалдық ағындарды басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін;өндірістік жағдайларда ағындарды ұйымдастырудың және оларды тиімді басқарудың негізгі принциптері туралы білім алуды, өндіріс логистикасының қазіргі заманғы тұжырымдамаларының жаңа ережелерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Логистикалық өндірістік жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру саласында теориялық білімді практикада қолдана білу; кәсіпорындарда материалдық ағындарды басқару мәселелерін талдау және нақты жағдайға қатысты оларды шешудің мүмкін нұсқаларын табу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Автомобиль жасауда материалдық ағындарды ұйымдастыру және басқару саласындағы проблемаларды анықтау; жеткізудің өндірісішілік сенімді тізбегін қалыптастыру, микрологиялық жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру тәсілдерін айқындау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәнді оқу нәтижесінде студент терең кәсіби даярлықты қазіргі заманғы деңгейде өндірістік логистика саласында принципті жаңа ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді қолдана және жүзеге асыра білумен ұштастыруы керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қабылданатын ұйымдық-басқарушылық шешімдердің шарттары мен салдарын бағалау қабілеті; автомобиль жасау саласы ұйымдарының өндірістік қызметін жоспарлау қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • 1. Корпоративная логистика. 300 ответов на вопросы профессионалов / под ред. В.И.Сергеева.- М.: ИНФРА-М, 2013.- Гл.2 с. 111-151 2. Стерлигова А.Н., Фель А.В. Операционный (производственный) менеджмент: Учеб. Пособие.- М.: ИНФРА-М, 2013.- с. 47-48, 115-124 А.М. Логистика: Учебник. – 14-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2012. 2. Гаджинский А.М. Практикум по логистике. – 6-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2008. 3. Неруш Ю.М. Логистика: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. 4. Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/ Пер. с англ. – М.: ЗАО «Олимп - Бизнес», 2001