Жүктердің ерекше түрлерін жеткізу

Сипаттама: Пән ірі габаритті ауыр салмақты, қауіпті және тез бұзылатын жүктерді тасымалдау көлік процесін жүзеге асыру ерекшеліктерін және жобалауды қарастырады. Жүк иелері мен тасымалдаушылардың жауапкершілігін, олардың алдын алу бойынша тәуекелдер мен шараларды, тасымалдау шарттарын бұзғаны үшін санкцияларды, жылжымалы құрамды таңдау ерекшеліктерін көздейтін нормативтік құжаттар қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты автомобиль көлігімен қауіпті, ірі көлемді,ауыр салмақты жүктерді жеткізуді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен әдістерін оқу, көлік процесін жоспарлау мен басқарудың практикалық дағдыларын меңгеру, жүктерді жеткізудің көліктік-технологиялық жүйелерін әзірлеу болып табылады.
Міндет
  • Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: - жүктерді жеткізу процесін ұйымдастыру туралы негізгі теориялық ережелерді білу; - тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жағдайларды жасау үшін теориялық білімді қолдана білу; - жүктердің ерекше түрлерін тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы инженерлік міндеттерді шешудің тәжірибелік дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қауіпті, ірі көлемді,ауыр салмақты жүктерді автомобильмен жүк тасымалдау ерекшеліктерін білу; жүргізушілердің жұмыс режимін ұйымдастыру; жүктерді қалааралық тасымалдау; автомобильдердің және тиеу-түсіру пункттерінің жұмысын келісу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тасымалданатын жүктерге сәйкес жылжымалы құрамды құзыретті және негізделген таңдауды жүзеге асыру, көлік құралдары қозғалысының ұтымды бағыттарын әзірлеу, автомобиль жұмысының техникалық-пайдалану көрсеткіштерін құзыретті және негізделген есептеуді жүзеге асыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, есептеулер мен әртүрлі зерттеулерді орындау кезінде Математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдану; көліктегі іргелі және жаңа жетістіктерді қолдану қабілеті ; өндірістік жағдайларда ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәнді оқу нәтижесінде студент терең кәсіби даярлықты қауіпті, ірі көлемді, ауыр салмақты жүктерді жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жаңа ғылыми,өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді қазіргі заманғы деңгейде қолдана және жүзеге асыра білумен ұштастыруы тиіс.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Тасымалдауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу
Негізгі әдебиет
  • 1. Ванчукевич В.Ф. и др. Грузовые автомобильные перевозки: Учеб.пособие. – Мн.: Выш. шк., 1989 2. Вельможин А.В., Гудков В.А., Миротин Л.Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник для вузов. – Волгоград: Волгогр. гос. техн. ун-т, 2007.- 560 стр. 3. Геронимус Б.Л., Царфин Л.В. Экономико-математические методы в планировании на автомобильном транспорте. – М.: Транспорт, 1988 4. Гуджоян О.П., Троицкая И.А. Перевозка специфических грузов автомобильным транспортом: Учебник для вузов. – М.: Транспорт, 2001 5. Горев А.Э. Грузовые автомобильные перевозки. – М. «Академия», 2004 8. Савин В.И. Перевозки грузов автомобильным транспортом. – М. «Дело и сервис», 2002 9.Савин В. И., Щур Д. Л. Перевозки грузов автомобильным транспортом; Дело и Сервис - 2007. - 544 c