Көлік жүйелерінің теориясы

Сипаттама: Пәнде жүйе түсінігі, жүйелердің жіктелуі қарастырылады: табиғи, жасанды, техникалық, адам-машиналық. Жүйелердің негізгі қасиеттері. Көліктік жүйелер теориясы жүйелер теориясы және операцияларды зерттеу, математикалық статистика және жаппай қызмет көрсету теориясы қолданылатын ғылыми пән ретінде. Қоғамдық өндіріс және тарату жүйесіндегі көлік өнімдерінің қасиеттері. Көлік процесінің мазмұны, оның элементтері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты - болашақ мамандарды көлік процестері мен жүйелері теориясының негіздерімен және әдістерімен таныстыру; студенттерде көлік дүниетанымының негіздерін қалыптастыру; жаппай қызмет көрсету жүйесінің параметрлерін оқу және есептеу; желілік жоспарлауды құру және оңтайландырудың әдіснамалық негіздерін оқыту.
Міндет
  • Таныстыру: көлік жүйелері теориясының мәнімен; көлік жүйелерін оңтайландыру әдістерімен. Көлік жүйелерінің жіктелуі мен қызмет ету ерекшеліктерін; дискретті жағдайдағы жүйе ретінде көлік процесінің ерекшеліктерін зерттеу; Көлік торабының негізгі сипаттамасын және онда өтетін процестерді білу; жаппай қызмет көрсету жүйелерін және желілік жоспарлау және басқару жүйелерін оңтайландыру әдістері мен құрамын зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттер көлік жүйелері теориясының негіздерін, жүйе түрлерінің түсініктері мен сипаттамасын, жаппай қызмет көрсету және желілік жоспарлау жүйесін қолдану әдістерін білуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік жүйесінің түрлерін және олардың ерекшеліктерін, көлік өнімдерінің қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтай білу, көлік жүйелерін сыныптау. Қолдану: автокөлік өнімділігін факторлық зерттеу; практикалық есептерді шешуде желілік жоспарлау және желілік бағдарламалау әдістері.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алынған білімді пайдалана отырып, оларды көлік процестері мен жүйелерін оңтайландыру үшін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Көлік жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және талдау дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қызметтер аумағындағы магистрдің біліктілік сипаттамасына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу
Негізгі әдебиет
  • 1.Горев А. Э. Теория транспортных процессов и систем. Учебник. М. : Изд-во Юрайт, 2017. - 217 с. 2. Витвицкий Е. Е. Теория транспортных процессов и систем (Грузовые автомобильные перевозки). Учебник. Омск : СибАДИ, 2014. 216 с. 3. Горев А. Э. Основы теории транспортных систем: учеб. пособие; СПбГАСУ. – СПб., 2010. – 214 с. 4. Гершвальд А.С., Еловиков А.В., Басыров М.А. Теория транспортных процессов и систем: уч.-метод. пос. - М.: МГУПС, 2015. 220 с. 5. Основы теории транспортных процессов и систем : учебное пособие./ А. А. Михальченко, Б. Б. Парфенов, А. А. Сафроненко, А. Н. Старовойтов ; Гомель : БелГУТ, 2017. - 379 с.