Жеткізу тізбектерін басқару

Сипаттама: Пән жабдықтау және өткізу кезіндегі жеткізу тізбектері туралы негізгі ұғымдарды зерделеуді көздейді, жеткізу тізбектерінің мысалдары келтіріледі(қарапайым, кеңейтілген және ең жоғарғы жеткізу тізбегі). Логистикадағы үшінші тарап, логистикалық операторлар және Логистикалық қызмет провайдерлері, логистикалық аутсорсинг. Жеткізу тізбегін құрудың оңтайлы әдістерін таңдау.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Логистика саласын басқарудың жалпы принциптерін, жеткізу тізбектерін оңтайландыру әдістерін зерттеу, міндеттерді шешуге озық әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Міндет
  • Логистикалық жүйелердің жұмыс істеуі саласында кешенді білімді қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, логистиканың функционалдық салаларын басқарудың жалпы принциптерін білу, ондағы қызмет функциялары мен бағыттарына байланысты логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру, клиентураға қызмет көрсетудің жоғары сапасын және ең аз шығындарды қамтамасыз ететін логистикалық жүйеде жеткізудің оңтайлы тізбегін әзірлеу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Өзінің логистикалық қызметінде логистикалық жүйенің тиімділігін қамтамасыз ететін қажетті экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді пайдалану; макро және микроэкономикада, қаржылық, өндірістік логистикада және логистиканың басқа да түрлерінде логистикалық білімді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Формирование понятий о функциональных областях использования всех видов логистики: закупочной (снабженческая); логистики производственных процессов (производственная логистика); сбытовой (распределительной); логистики запасов; логистики складирования (складская логистика), транспортной логистики; информационной логистики; финансовой логистики;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әр түрлі тұтынушыларға жүктерді жеткізу, сақтау және тасымалдау бойынша қызметтердің барлық спектрін ұсыну шеңберінде логистикалық процестерді оңтайландыру және рационализациялау үшін оқылатын пәннің теориялық негіздерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Экономика дамуының қазіргі тенденцияларын ескере отырып, жеткізу тізбектерін қалыптастыру және қызмет ету принциптерін жедел басқару және қолдану. Инновациялық логистикалық шешімдерді негіздеу үшін білім жинақтауға және дағдыларды алуға бағдарланады. Оқыту нәтижесінде болашақ мамандар жеткізу тізбегінде шаруашылық серіктестермен - өндіруші кәсіпорындармен және Делдалдармен қарым-қатынас құру және өзара іс-қимыл жасау өнерін игере алады, бәсекелестік артықшылықтарды құруға жұмыс істей алады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1-ші тақырып.Жеткізу тізбектерін басқарудың негізгі ұғымдары мен қағидалары. Жеткізу тізбегі. Делдалдардың түрлері. Жеткізу тізбегін басқару.
  • 2-ші тақырып.Жеткізу тізбектерінің жіктелуі.Жеткізу тізбегінің ықтимал түрлері. Нөлдік, бірінші деңгейдегі жабдықтау тізбегі. Бірінші, екінші деңгейдегі тарату тізбегі.
  • 3-ші тақырып. Жеткізу тізбегін үлгілеу. Жеткізу тізбегін басқарудың жалпы үлгісі. Жеткізу тізбегінің желілік құрылымы. Жеткізу арналарын жобалау концепциялары. Арна құрылымына әсер ететін факторлар. Жеткізу тізбегіне қатысушыларды анықтау.
  • 4-ші тақырып. Жеткізу тізбегін басқарудың негізгі компоненттері. Жеткізу тізбегін жобалаудың мәні. Жеткізу тізбегін жобалау бастамашылары.
  • 5-ші тақырып. Жеткізу тізбегін жобалау кезінде ескерілетін аспектілер. Тұтынушылардың сатып алу кезіндегі мінез-құлықтары. Дистрибьюция түрлері. Өнімнің сипаттамасы. Тұтынушыларға қызмет көрсету мақсаты. Тұтынушыларға қызмет көрсету көрсеткіштері. Жеткізу тізбегінің жұмыс істеу көрсеткіштерін өлшеу.
  • 6-шы тақырып. Жеткізу тізбектеріндегі контрагенттердің интеграцияланған өзара іс-қимыл тұжырымдамасы. Жеткізу тізбектеріндегі ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару. Жеткізу тізбегіндегі негізгі драйверлер мен кедергілер. Жеткізу тізбектеріндегі ынтымақтастық түрлері.
  • 7-ші тақырып. Логистикалық тізбектерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі міндеттері. Жеткізу тізбектерін басқару жүйесіндегі шарттық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі формалары. Кәсіпорындар арасындағы шарттық қатынастарды орнатумен байланысты міндеттер. Шарттық қатынастарды құру үлгілері.
  • 8-ші тақырып. Жеткізу тізбегіндегі негізгі бизнес-үрдістер. Тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару. Тұтынушыларға қызмет көрсетуді басқару сұранысты басқару. Тұтынушылардың тапсырыстарын орындау. Өндіріс ағынын басқару. Жеткізушілермен өзара қарым-қатынас. Кері ағындар. Бизнес-үрдістерді үлгілеу концепциясы: SCOR, IDEF, ARIS.
  • 9-шы тақырып. Интеграцияланған басқарудың мәні. Интеграцияның негізгі бағыттары. SCM концепциясындағы интеграцияланған басқару стратегиясы. Стратегиялық өзара іс-қимыл жағдайындағы интеграцияланған басқару элементтері. Жеткізу тізбектеріне интеграцияланған басқаруды енгізу.
  • 10-шы тақырып. Жеткізу тізбегіндегі жалпы шығындар. Құндылықтар тізбегі өнім құнын құру тәсілін таңдау құралы ретінде. Қызметтің негізгі және қосалқы түрлері. Жеткізу тізбегінде тұтыну құнын құру жүйесі. Жеткізу тізбегіндегі логистикалық шығындарды талдау рәсімі. Тапсырысқа және үрдіске логистикалық шығындарды бөлу. Шығындарды бюджеттеу.
  • 11-ші тақырып. Логистикалық желілердің ақпараттық инфрақұрылымы. Интернет-логистиканың мәні. 1,2,3,4 және 5pl-провайдерлердің түсінігі мен сипаттамасы. В2С және В2В саласындағы виртуалды логистика. Тасымалдауды интерактивті жоспарлау. Интернет-логистик жүйелерінің жіктелуі (Фрахт-навигатор, SCANFleet және т. б.).
  • 12-ші тақырып. Нөлдік деңгейдегі жабдықтау тізбегін басқару. Жабдықтау тізбегін басқару белгісі. Өнімді өндірушінің шикізатқа қажеттілігін статистикалық бағалау. Жеткізуді басқару стратегиясын таңдау және оның көрсеткіштерін бағалау. Қажетті шикізатты жеткізуші – өндірушілер көп болған кезде жабдықтау тізбегін басқару ерекшеліктері. Шикізатты желілік жеткізу шартымен жабдықтау тізбегін басқару ерекшеліктері. Шикізаттың өндірістік қорларын қайта бөлу.
  • 13-ші тақырып. Бірінші деңгейдегі жабдықтау тізбегін басқару. Көтерме делдалдардан шикізатты сатып алуды ұйымдастыру. Шикізатты көтерме делдалдармен өнім өндірушілерге бөлуді ұйымдастыру.
  • 14-ші тақырып. Өнім өндіруші-жабдықтау және тарату тізбегінің байланыстырушы буыны. Өндірістік логистикалық тұжырымдама. Өндірістік логистикадағы материалдық ағындарды басқару. Заманауи өндірістік логистикалық жүйелер.
  • 15-ші тақырып. Өнімді тарату тізбегін басқару. Сұранысты статистикалық бағалау және бөлшек делдалдардың сатып алу көлемінің болжамы. Бөлшек делдалдың тауарлық қорларын ұйымдастыру кезіндегі жеткізілімдерді Басқару стратегиясы. Екінші деңгейдегі өнімді бөлу тізбегін басқару ерекшеліктері. Тарату тізбегіндегі өнім ағынын жеделдету әдісі. SCOR-жеткізу тізбегінің үлгісі.
Негізгі әдебиет
  • 1.Бауэрсокс Доналд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок, М.: ЗАО Олимп-Бизнес , 2008 г. - 640 с. 2.Гаджинский А.М. Практикум по логистике. – М.: ИТК “Дашков и К”, 2008. – 304 с. 3.Дубинина А., Орлова С., Шубина И., Хромов А. Excel для экономистов и менеджеров. – СПб.: Питер, 2004. – 295 с. 4.Логистика: тренинг и практикум: Учебное пособие /Под ред. Б.А. Аникина. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. – 448 с. 5.Логистика и управление цепями поставок : учебник для академического бакалавриата / В. В. Щербаков [и др.] ; под ред. В. В. Щербакова. - М. : Издательство Юрайт, 2015. - 582 с. - (Серия : Бакалавр. Академический курс); 6.Пересветов Ю.В., Чадина О.В.Управление цепями поставок: Учебное пособие. - М.: МИИТ, 2015. - 78с.
Қосымша әдебиеттер
  • 7.Самойлова А. Г.. Логистика : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности «Логистика». В 4 ч. Ч.4.Управление цепями поставок / – Новополоцк : ПГУ, 2014. – 304 с.