Жол шарттары және қозғалыстың қауіпсіздігі

Конарбаева Гульнур Нурлыбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бүл пән қажетті білім алуға мүмкіндік береді: жолдың көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын анықтау; жолдың көлік құрылысы ретінде жұмыс істеу ерекшеліктері; нақты жол жағдайларында көлік ағындарының қозғалыс заңдылықтары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді шешу.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Тасымалдауды ұйымдастыру және козғалысты басқару

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттердің алған білімдерін келешекте тәжірибеде автомобиль жолдарын тексеруді ұйымдастыру кезінде қолдана білулері; көлік ағынының қозғалыс қауіпсіздігі мен жолдың пайдалану көрсеткіштерін бағалай білулері; қозғалыс қауіпсіздігін және жолдың көліктік-пайдалану сапа көрстекіштеріне байланысты кешенді шараларды ұйымдастыра білу болып табылады.
Міндет
  • Пәнді оқытудың негізгі міндеті болып – жолдың көліктік-пайдалану сипаттамаларымен, жол көрсеткіштерін пайдаланудың бағалау әдістерімен, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату тәсілдері және қауіпті телімдерін анықтаумен таныстыру болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жолдың көліктік жұмысының негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын; көліктік құрылым ретіндегі жол жұмысының ерекшеліктерін; нақты қозғалыс жағдайларындағы көлік ағыны қозғалысының заңдылықтарын білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Теориялық білімін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты міндеттерді шешуде қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Теориялық білімін автомобиль жолдары жұмысының тиімділігін арттыруда жағдай жасауға қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Конструкторлық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру барысында профессионалды қызметтің маманға қоятын білім мен оқудың біліктілік талап сипаттарының деңгейіне жету.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті профессионалдық қызметте қажетті жаңа арнайы білімінің дағдысын игеру және магистратурада білімін жалғастыру.
Оқыту әдістері

Сабақтар білім алушыларды білімді іздеуге және басқаруға тартуға, Міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін нақты жол желісінде жүргізіледі, оның ішінде: - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар (пікірталас, оқу пікірсайысы); - ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жол жағдайларының рөлі
  • Автомобиль-жол жүйесі
  • Автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану сапасы
  • Көліктің жолға әсері
  • Жол жамылғысының жай-күйі мен ауа-райы-климаттық факторлардың автожолдардың көліктік-пайдалану сапасына әсері
  • Жол элементтері мен реттеу құралдарының автомобильдердің қозғалыс режимдеріне әсері
  • Көлік ағындарының қозғалыс сипаттамаларын есептеу
  • Автомобиль жолдарын зерттеу
  • Жылдың әртүрлі кезеңдерінде автожолдардың көліктік-пайдалану қасиеттерін сақтау тәсілдері
  • Қозғалыс жағдайлары мен автожол элементтерінің қозғалыс қауіпсіздігіне әсері
  • Жолдардың қауіпті учаскелерін анықтау әдістері
  • Жаңа жолдарды жобалау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Жолдардағы қауіпті жерлерді жою
  • Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру құралы ретінде қозғалысты ұйымдастыру
  • Қауіпсіз жолдарға қойылатын талаптар
Негізгі әдебиет
  • 1. Бабков В.Ф. Дорожные условия и безопасность движения. - М.: Транспорт, 2005. - 208 с. 2. Сильянов В. В. Транспорто-эксплуатационные качества автомобильных дорог - М.: Транспорт, 2002 - 287 с. 3. Лобанов В.А. Дорожные условия и безопасность движения. – М., Транспорт,2000. 4. Немчинов М.В. Сцепные качества дорожных покрытий и безопасность движения автомобиля - М: Транспорт, 2005 - 231 с
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Закон Республики Казахстан «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996г. №29-1 – Ведомости Парламента РК, 1996г., №14, ст. 273. 2. Новиков А. Н. Организация дорожного движения; Белгородский государственный технологический университет им. В.Г. Шухова. . Белгород: 2020 - 195.