Математика 2

Дронсейка Ирина Пранасовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бір айнымалы функцияның интегралдық есебі; бірнеше интегралдар; дифференциалдық теңдеулер. Негізделген математикалық қорытындылар әдістердің жеткілікті ортақтығын, қолдану аясының кеңдігін және нарықтық экономиканың барлық салаларында математиканың негізгі салаларына терең енуін қамтамасыз етеді.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Математика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Тест

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқыту мақсаты ретінде студенттерде техника, технология және экономика салаларында қолданбалы мәселелерді шешу үшін студенттерде математикалық әдістердің ғылыми-практикалық негізін қалыптастыру болып табылады
Міндет
  • Техникалық жоғары оқу орнындағы «Математика 2» курсы бір айнымалы функцияның интегралдық есептеулері, сұйықтық, газ ортада, электромагнитті өрістердегі процесстер моделін сипаттайтын еселі интегралдар және оның қолданыстары, әртүрлі қолданбалы есептерді жуықтап шығару әдістерін құруға мүмкіндік беретін қатарлар теориясы, геометрия, механика, физика, гидравлика есептері келтірілетін қарапайым дифференциалдық теңдеулер тарауларынан тұрады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Интеллектуалды дамыған және сыни ойлай білетін инженер- жеке тұлға ретінде қалыптасуына қажетті математика саласындағы базалық білімдері бар.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қоршаған әлем туралы бүтін білім жүйесі негізінде техника және технология саласында мамандық бағыты бойынша математикалық және базалық білімдерін қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, интеллектуалдық келешегін түсіну қабілеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті бар.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өз көзқарасын тиімді қорғап, зерттеу тобының мүшесі және жеке дара техникалық мәселелерді шешу үшін қолданылатын математикалық әдістер бағалап, жаңа шешімдер ұсынады; топ пікірімен санасып, жүзеге асыруға қабілеті бар.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Болашақ қызметі үшін қажетті негізгі білім мен магистратурада, үздіксіз білім дағдылары толықтыру мен жаңаруын меңгеріп, техника және технология аймағында ғылыми-зерттеу саласында математикалық әдістерді қолданады.
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) әңгімелесу; модерация; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);

іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

оқу есептерінің шешімдерін табу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг YT 1 0-100
YT 2
YT 3
Коллоквиум
Қорытынды тест 1
2  рейтинг YT 4 0-100
YT 5
YT 6
Коллоквиум
Қорытынды тест 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Алғашкы функция
  • Интегралдау әдістері
  • Рационал бөлшектерді қарапайым бөлшектерге жіктеу
  • Иррационал және тригонометриялық функцияларды интегралдау
  • Анықталған интеграл
  • Сандық қатарлар
  • Даламбер белгісі
  • Таңбасы алма-кезек ауыспалы қатарлар
  • Функцианалдық қатарлар
  • Тейлор және Маклорен қатарлары
  • Дифференциалдық теңдеулер
  • Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер түрлері
  • Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер
  • Екінші ретті және жоғарғы ретті сызықты біртекті коэффициенттері тұрақты дифференциалдық теңдеулер
  • Екінші ретті және жоғарғы ретті сызықты біртекті емес коэффициенттері тұрақты дифференциалдық теңдеулер
Негізгі әдебиет
  • Берман Г.Н. Сборник задач по курсу математического анализа. – М.: Наука, 2016
  • Письменный Д.Т. Конспект лекций по высшей математике. – М.: Айрис-Пресс, 2012, Ч. 2,3.
  • Рябушко А.П., Бархатов В.В. и др. Индивидуальные задания по высшей математике. – Минск: Высшая школа, 2013. – Т. 2,3,4.
  • Айдос Е.Ж. Жоғары математика. - Алматы: «Бастау» баспасы, 2010. - II, III, IV томдары
  • Шипачев В.С. Высшая математика. – М.: Высшая школа, 2012.
  • Бугров Я.С., Никольский С.М. Высшая математика: Задачник. – М.: Физматлит, 2011.
  • Фихтенгольц Г.М. Курс дифференциального и интегрального исчисления. – М.: Физматлит, 2012. – Т.1,2.
Қосымша әдебиеттер
  • Хисамиев Н.Г., Тыныбекова С.Ж., Конырханова А.А. Математика. 1, 2 томдары.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2012.
  • Тыныбекова С.Ж., Рахметуллина Ж.Т. Математика.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2011