Автомобильдер қозғалысының теориясы

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Тік сызықты қозғалыс; жетекші және жетектелуші доңғалақтардың жолмен өзара іс–әрекеті; динамикалық паспорт, жеке автомобильдің және тартқыш–тіркеме жүйесінің тартқыш есептері; жеке автомобильдің және тартқыш-тіркеме жүйесінің тұрақтылығы; автомобильдің қисық сызықты қозғалысы және оның тартқыш есебі; корпусты нығыздау теориясы; басқару теориясының негіздері; автомобильдің тежелуі, автомобильдің тежелу динамикасы және тежелу кезіндегі тұрақтылығы.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларды автомобильдің пайдалану қасиеттерімен және оларды есептеу және талдау әдістерімен таныстыру
Міндет
  • Автомобильдің пайдалану қасиеттерін есептегенде білім алушылармен дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушы автокөлікті пайдалану қасиеттерінің өлшеуіштері мен көрсеткіштерін анықтай білуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған білім мен іскерлікті тәжірибеде және басқа пәндерді оқытуда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қолданыстағы автомобиль конструкцияларының және жобаланатын конструкциялардың пайдалану қасиеттері туралы пайымдауларды қалыптастыру білігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымның басқа мүшелерімен өзара іс-әрекетте қойылған міндеттерді шеше білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Осындай пәндерді оқу кезінде дағдыларды алу
Оқыту әдістері

Проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиясы

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг 1 тапсырма 0-100
2 тапсырма
тест
2  рейтинг 1 тапсырма 0-100
2 тапсырма
тест
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Автомобильдердің пайдалану қасиеттері
  • Қозғалыссыз кезінде автомобильге әсер ететін күштер
  • Қозғалыс кезінде автомобильге әсер ететін күштер
  • Жетектегі доңғалақтың тербелісі, әрекет ететін күштер мен моменттерді талдау
  • Жетекші доңғалақтың тербелісі, әрекет ететін күштер мен моменттерді талдау
  • Бензинді іштен жану қозғалтқышының сыртқы жылдамдық сипаттамасы
  • Дизельді іштен жану қозғалтқышының сыртқы жылдамдық сипаттамасы
  • Трансмиссияның кинематикалық схемасы және автомобиль мен тартқыштың тартқыш сипаттамасы
  • Автомобиль мен тартқыштың орнынан қозғалуы, ілінісу және жол кедергісі шарттары бойынша қозғалу мүмкіндігінің критерийлері
  • Автомобиль мен тартқыштың тарту динамикасы
  • Автомобиль мен тартқыштың отын үнемділігі
  • Автомобиль мен тежегіштің тежеу динамикасы
  • Автомобильдің орнықтылығы мен басқарылуы
  • Автомобильдің жүріс жатықтығы
  • Автомобильдің өткіштігі
Негізгі әдебиет
  • А.А. Маркина, В.В. Давыдова. Теория движения колесных машин. -Екатеринбург: Издательство Уральского университета, 2021 А.А., Макенов А.А. Автомобиль. Теория движения. – Алматы: ИД «Альманах», 2018.
  • Давыдов А.А., Макенов А.А., Конарбаева Г.Н. АВТОМОБИЛЬДІҢ ҚОЗҒАЛЫС ТЕОРИЯСЫ. – Алматы: ЖШС «Альманах», 2019.-157с.
Қосымша әдебиеттер
  • Давыдов А.А. Тяговые и эксплуатационные свойства автомобиля. Учебное пособие. – Усть-Каменогорск. «ТОО ПК ВК Арго», 2010. – 124 с.
  • Краткий автомобильный справочник НИИАТ. -М.: Транспорт, 1984. – 272 с., ил.
  • Теория движения автомобиля // [Электронный ресурс]. – Режим доступа: e.biblio.bru.by›bitstream/handle/1212121212/5026/ – Теория движения автомобиля. – (Дата обращения: 12.08.2020)