Linux ядросы негізінде операциялық жүйелер

Сипаттама: Бұл курста оқытылады: Linux операциялық жүйесінің архитектурасы. Linux ОЖ ядросының негізгі функциялары мен компоненттері. NFS файлдық жүйесінің құрылымы. Файлдардың әр түрлілігі: қарапайым файлдар, файл-каталогтар, арнайы файлдар. Linux жүйесіндегі үрдістер. Linux операциялық жүйесіндегі командалармен танысу. Ендірілген және сыртқы командалар. Командалар аргументтері, кіру-шығуды қайта бағыттау. Shell және Cshell пакеттік өңдеулер тілі – жүйе беттері. Linux - vi редакторымен жұмыс.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты студенттерге операциялық жүйелер, жүйе деңгейінде олармен жұмыс қазіргі заманғы операциялық жүйелер мен негіздерін сәулет құрылыс принциптерін зерттеу болып табылады.
Міндет
  • сәулет және бір-пайдаланушының жұмыс принциптерін зерттеу, көп функциялы және операциялық жүйелердің Unix / Linux мысалында желілік операциялық жүйелер жұмыс істейтін;
  • ресурстарын басқару дербес компьютер (ДК), интерфейс OS Linux / Unix қаражат олардың конфигурациясы мен пайдаланудың негізгі дағдылары мен студенттер практикалық тәжірибе алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Linux ядросы негізіндегі операциялық жүйелердің архитектурасын, логикалық құрауыштарының функционалды тағайындалулары мен орналасу орнын, негізгі командалар жиыны мен интерфейстер жиынын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Linux операциялық жүйелерін инсталяциялауды істей алу, олардың баптауларын жүргізу; стандартты және стандартты емес құрылғыларды қоса алу; қосымшалар мен қолданбалы бағдарламалар пакеттердің орындалуын ұйымдастыра білу; жүйелік және қолбанбалы қамтаманың қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз етуші қызметтік бағдарламалар мен утилиттерді өз қызметтері бойынша қолдана білу; бағдарламалық қабықша командалары негізінде ЭЕМ диалог жүгрізуді ұйымдастыра алу, ЭЕМ қызметін басқару үшін бағдарламалар құра алу.
  • Операциялық жүйе компоненттерін инсталяциялау, баптау және реттеуді істей алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Операциялық жүйелердің тұрғызылуы мен құрылымы; үдерістерді, жадыны басқарудың ішкі жүйелері, файлдарды басқарудың ішкі жүйесінің қызметі туралы сұрақтар бойынша талқылауларды жүргізуге дайын болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қолдануға, ОЖ баптаулар мен конфигурациялауда жаңа шешімдер ұсынуға қабілетті болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • оқуды жалғастыруда және кәсіби сферада жаңа білімді алу дағдыларына ие болу
Негізгі әдебиет
  • Робачевский А.М. Операционная система UNIX.- СПб.: БХВ - Санкт-Петербург, 2000. - 528с.
  • Максвелл С. Ядро Linux в комментариях./Пер.с англ. - К.: Диа-софт, 2000.
  • intuit.ru/departamrnt/os/linux (Учебный курс по операционной системе Linux).