Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Сипаттама: Пәнде Алгоритмдеу және платформалардың консольдік қосымшаларында бағдарламалау мәселелері қарастырылған.NET түрлі түрдегі есептер, айнымалыларды, жазба түріндегі деректер құрылымдарын, объектілерді хабарландыруды есепке ала отырып. Есептеу процестерін ұйымдастырудың сызықтық, циклдық және рекурсивті тәсілдерінің алгоритмдері.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» пәнді оқыту мақсаты болып табылады: - есептеу процесстерің алгоритмдеу негіздерін меңгеру; -.NET платформаның консольдік қосымшасында бағдарламалу негіздерін меңгеру; - тармақталу және циклдік процесстерді пайдалануымен бағдарламалау негіздерін меңгеру; – құрылымдық бағдарламалау негіздерін меңгеру; – объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздерін меңгеру; –массивтерді өндеу алгоритмдер мен бағдарламалардың негіздерін меңгеру; – стек, кезек типті құрылымдарды пайдалунымен бағдарламалау негіздерін меңгеру; – графтарды өндеу алгоритмдер мен бағдарламалардың негіздерін меңгеру;
Міндет
  • Бұл пәннің негізгі есебі, студенттерді, мамандықтың оқу бағдарламасында пострреквизит ретінде көрсетілген, арнайы пәндерді меңгеруге дайындау болып табылады Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі білімдерге ие болуға тиісті –.NET платформасының консольдік қосымшасында C# тілінде бағдарламалау негіздері; – алмастыру, енгізу/шығару қарапайым алгоритмдер пайдалануымен әр түрлі сызықтық есептердің алгоритмдерінің құрылымдық схемаларың құру негіздері; – әр түрлі есептер, оның ішінде есептеу процесстерінің тармақталу және циклдік алгоритмдерің пайдаланатың, алгоритмдерінің құрылымдық схемаларың құру негіздері; – объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздерің құратын әдістердің (функциялардың) құрылымы мен жұиыс істеуі; – массив түрінде деректерді ұйымдастыру және оларды деректерді реттеудің әр түрлі алгоритмдерінде пайдалану; – стек, кезек типті құрылымдық қалыптасулардың құрылымы мен жұиыс істеуі; – граф түрінде көрсетілген деректерді ұйымдастыру және өндеу негіздері; – графты «тереңдігі» және «кеңінең» жүріп өту алгоритмдерің бағдарламалау негіздері. Пәннің тәжірибелік курсының негіздерін меңгеру нәтижесінде студенттер келесі дағдыларға ие болуға тиісті: –.NET платформасының консольдік қосымшасында C# тілінде бағдарламалау, әр түрлі есептер, оның ішінде есептеу процесстерінің тармақталу және циклдік алгоритмдерің пайдаланатың, алгоритмдерінің құрылымдық схемаларың құру; –массивтерді, матрицаларды өндеу барысында негізгі алгоритмдерді пайдалану; –стек, кезек, графтар типті құрылымдардаң тұратың есептерді шешу барысында объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздерің пайдалану; – «қайтаруы» бар алгоритмдерді құру үшін стек, кезек типті құрылымдарды қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Информатика негіздерін ғылым, индустрия салалары мен инфрақұрылымдар ретінде; алгоритмдеу мен деректер құрылымын; ақпараттық жүйелер теориясын біледі;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Әртүрлі бағытта қолданылатын ақпараттық жүйелерді және салалық пен халықаралық стандарттарға сәйкес олардың элементтерін жобалау дағдыларына ие болады;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер, есепті шешу алгоритмді және бағдарламаны құру барысында келесі мақсаттарға жету үшін қажетті пайымдау тәсілдеріне ие болуға тиісті: - бағдарламаның жұмысына қажетті деректерді жинау және дайындау; - бағдарламаның орындау нәтижелерің интерпретациялау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер, есептерду бағдарламалау көмегімен шешу барысында, команда ішінде жұмыс істеу үшін қажетті келесі коммуникативтік дағдыларға ие болуға тиісті: - ақпаратты алуға және беруге; - кәсіби идеяларды дамыту және насихаттау; - мәселені талдау және шешімі табу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер келесі өзін-өзі оқыту, дамыту үшін қажетті дағдыларға ие болуға тиісті: - кәсіби біліктілігін жоғарлату мақсатың аңықтау; - өзін-өзі оқыту, дамыту процессін жоспарлау және іске асыру; - қажетті ғылыми-кәсіби оқу әдебиеті шолу және тандау; - тиімді өзін-өзі оқыту тәсілдері мен дағдыларды қолдану.
Негізгі әдебиет
  • В.В. Фаронов «Создание приложений с помощью C#» Руководство программиста. - М.: “Эксмо”, 2008г.
  • Т.А. ПавловскаяC#, Программирование на языке высокого уровня. Учебник для вузов, СПб,: Питер, 2009г.
  • Д. Кнут. Искусство программирования для ЭВМ. Т.3./ Сортировка и поиск / - М.:Мир,1976.