Кристаллография және минералогия

Ағалиева Бақытгүл Болатқанқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс келесі негізгі бөлімдерден тұрады: "Кристаллография" пәнінің бірінші бөлімі - кристалл және заттың кристалдық жағдайы туралы ғылым. Екінші бөлім - "Минералогия". Бұл табиғи химиялық қосылыстар-минералдар туралы ғылым, ол минералдардың қасиеттері мен құрамын зерттеумен, минералдардың пайда болуының геологиялық жағдайлары мен физикалық-механикалық жағдайын анықтаумен айналысады.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курстың негізгі мақсаты – геологиялық және болжау–минерагениялық зерттеу әдістерінің ғылыми негізгі болып саналатын кристаллография мен минералогияның теориялық және қолданбалық түбегейлі мәселелерін, тау жыныстарының құрамын және жаратылысын зерттеу, пайдалы қазба кен орындарының қалыптасу жағдайларын анықтау, минералдарды пайдалану туралы деректерді студенттерге ұғындыру болып табылады
Міндет
  • Пәннің мәселелері: минералдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері, оларды зерттеу әдістері, минералдар парагенезисі, технологиялық ерекшеліктері, геологиялық болжау, іздеу, барлау мен пайдалы қазба орындарын тиімді игеру туралы теориялық қағидаларды меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1) кристаллография мен минералогияның түбегейлі негіздерін білу; 2) кристалдардың симметриясы, олардың түрлері, сингониялар тұралы білім алу; 3) кристалдық көп жақтылардың және олардың қарапайым пішіндерінің симметрия мүшелерін анықтауды үйрену; 4) минералдарды көзбе-көз анықтау әдістерін игеру; 5) минералдық агрегаттарының морфологиялық түрлерін анықтауды үйрену; 6) минералдардың класс бойынша сипаттаманы білу, негізгі жынысқұрушы және кенді минералдарды анықтауды үйрену; 7) минералдарды диагностикалау үшін минералдардың парагенетикалық ассоциацияларын қолдану; 8) минералжаралу процестер туралы білім алу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқу нәтижесінде студенттер кристаллография және минералогия салададағы теориялық білімді болашақта практикада, пайдалы қазба кен орындарды іздеу мен барлау процесінде қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алған білімді геологиялық түсіру, іздеу, барлау және гидрогеологиялық жұмыстарды жүргузу барысында минералдардың, кендердің жартылу жағдайлары, болжау-іздеу маңыздылығы, құндылығы, зерттеуде заманауй әдістерді қолдану туралы негізделген пікірлерді ұсыну және айта алу геологтарға қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - ақпаратты алу, сақтау мен өндеудің әдістерді және құралдарды қолдану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Студент дағдыланады: кристаллдардың пішінің анықтауды; минералдарды көзбе-көз анықтауды; минералдарды диагностикалау мақсатпен минералдық ассоцияларды талдауды; негізгі жынысқұрушы мен кенді минералдарды анықтауды;
Оқыту әдістері

Пайдалы қазбаларды сынып бойынша зерттей отырып, мұғалім шығарған үлгілер жинағын пайдалана отырып, студент пайдалы қазбаларды, олардың атауын, шығу тегін, өлкемізге тән негізгі кен орындарын, кристалдық құрылымдарды және олардың практикалық маңызын анықтауды үйренуі керек. Студенттер зерттелетін пайдалы қазбалардың әртүрлі пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу ерекшеліктеріне ерекше назар аударуы керек. Минералды анықтауыштың көмегімен, физикалық қасиеттерін көрнекі түрде зерттеу, студент пайдалы қазбалардың зерттелетін класына мінездеме беруі және берілген минералдардың бақылау үлгілеріне мінездеме беруі және бақылау сұрақтарына жауап беруі керек.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Минералогия мен кристаллографияның негізгі даму кезеңдері
  • Минералдардың кристалдық құрылымы
  • Минералдардың физика-химиялық қасиеттері
  • Минералдардың генезисі және генетикалық минералогия туралы түсінік
  • Пайдалы қазбалардың классификациясы туралы жалпы мәліметтер
  • Сульфидтер класы
  • Оксидтер мен гидроксидтер класы
  • «Оксидтер және гидроксидтер» классы
  • Карбонаттар класы
  • Сульфат класы
  • «Фосфаттар мен молибдаттар» класы олардың қысқаша сипаттамасы
  • «Силикаттар» класы Зерттелетін класқа сәйкес минералдардың сипаттамасы
  • Жалпы сағаттар
Негізгі әдебиет
  • 1. Бетехтин А. Г. Минералогия курсы. Оқулық /Ауд. Байбатша. - Алматы: 2012. - 672б. 2. Mining of Mineral Deposits : учебник / Genadiy Pivnyak [et al.]. - Лондон CRC Press, 2013. - 372 p. Геннадий Пивняк [и др.]. - London : CRC пресс, 3. «Кристаллография и минералогия», методические указания по выполнению лабораторных работ для студентов геологических специальностей 5В070600 «Геология и разведка МПИ», ВКГТУ, Усть-Каменогорск, 2013г. 4. «Кристаллография и минералогия», методические указания по выполнению курсовой работы для студентов геологических специальностей 5В070600 «Геология и разведка МПИ», ВКГТУ, Усть-Каменогорск, 2014г. 5. Учебно - методическое пособие по выполнению лабораторных работ по «Кристаллографии и минералогии» для геологических специальностей на русском и государственном языке (Черненко З.И., 2017).ие указания по выполнению курсовой работы для студентов геологических специальностей 5В070600 «Геология и разведка МПИ», ВКГТУ, Усть-Каменогорск, 2014г. 3. «Кристаллография и минералогия», методические указания по выполнению лабораторных работ для студентов геологических специальностей 5В070600 «Геология и разведка МПИ», ВКГТУ, Усть-Каменогорск, 2013г. 4.Mining of Mineral Deposits : учебник / Genadiy Pivnyak [et al.]. - Лондон : CRC Press, 2013. - 372 p. Геннадий Пивняк [и др.]. - London : CRC пресс,
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Курс лекций «Минералогия с основами кристаллографии», на русском и государственном языках (Черненко З.И., Айтбаева С.А., 2005) 2. Методические указания к лабораторным работам по изучению минералов в курсе «Кристаллография и минералогия» для геологических специальностей на русском и государственном языке (Черненко З.И., Айтбаева С.А., 2005). 3. Методическое пособие (курс лекций) по «Кристаллографии и минералогии» для студентов, магистрантов и аспирантов геологических специальностей (Черненко З.И., 2005). 4 Методические указания к лабораторной работе «Решение задач по породообразующим минералам и горным породам» для студентов геологических специальностей на государственном языке (Черненко З.И., 2005). 5. Методические указания к лабораторным работам для изучения симметрии в кристаллах и сингонии по категориям (Черненко З.И., 2001). 6. Методические указания к лабораторным работам по изучению минералов в курсе “Кристаллография и минералогия” для геологических специальностей (Черненко З.И., 2001). 7.. Методические указания к лабораторной работе «Решение задач по породообразующим минералам и горным породам» для студентов геологических специальностей (Черненко З.И., 1998). 8 Булах А.Г. Минералогия с основами кристаллографии, М.: Недра, 1989г 9. МиловскийА.В. Минералогия и петрография, М.: «Недра», 1985г. 10. Минералогическая энциклопедия/ Под ред. К.Фрей., Л.: Недра, 1985г. 11. 5 Минералогические методы исследований: Справочник, М.: Недра, 1985г. 12. Миловский А.В., Кононов О.В. Минералогия, М.: Изд. МГУ, 1982г. 2.