Жер қойнауын пайдалану негіздері

Сипаттама: Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану заңнамалық базасының негізгі ережелері қаралды. Қазақстан үшін қабылданған Жер қойнауын геологиялық зерттеу сатысы, минералдық-шикізат саласы кәсіпорындарының ұйымдық нысаны келтіріледі. Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар түрлерінің сипаттамасы беріледі, жұмыс бағдарламаларының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері келтіріледі.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Жер қойнауын пайдаланудың негіздері» пәнін меңгерудің мақсаты геологиялық мамандықтарды меңгеретін болашақ мамандарға жер қойнауын үнемді пайдаланудың мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдары шегінде жеткізу болмақ.
Міндет
  • студенттерді қажетті деңгейде «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы», «Лицензиялау туралы», «Мұнай жайлы» ж.т.б. Қазақстан Республикасының Заңдарымен және де жер қойнауын пайдалану операцияларын реттейтін Үкімет қаулыларымен таныстыру; - жер қойнауын пайдаланудың негізгі принциптерін меңгеру, ведомствалық инструкция-лармен және жер қойнауын пайдаланудың есептемелерімен таныстыру; - алған білімді мамандық бойынша жұмыс істеген кезде практикалық іс-әрекеттерді қолдануға машақаттандыру. - пайдалы қазба байлықтардың барлық түрлерін геологиялық зерттеуде жобалау, жүргізуде туындайтын мәселелерді шешуді үйреніп, білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жер қойнауын пайдалану қатынастарын құқықтық реттеу жүйесін; жер қойнауын пайдаланудың құқықтық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді, негізгі құқықтық ұғымдарды; жер қойнауын пайдаланушыларға заңнамамен қойылатын талаптарды білу. Түсіну: жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану қатынастарын құқықтық реттеу жүйелерін; жер қойнауы учаскелерін пайдалану құқығын беру, тоқтата тұру, шектеу және мерзімінен бұрын тоқтату қағидасы мен тәртібін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бұл білімдер жалпы мемлекеттік бағдарламаларды орындау шеңберінде ірі өңірлердің, сондай-ақ тиісті фирмалардың тапсырмасы бойынша жекелеген тау-кен өндіруші кәсіпорындардың минералдық-шикізат базасын кеңейту жөніндегі шаруашылық міндеттерді шешу үшін қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қазақстанда және жақын және алыс шет елдерде салыстырмалы түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу сатылары туралы пайымдаулар қалыптастырылуда.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жер қойнауын пайдалану саласында келіссөздер жүргізуге, байланыстар орнатуға, жанжалдарды реттеуге дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • статистикалық есептілікті құру, шарттар мен рұқсаттарды, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды алу, жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптамадан өту тәжірибесі болу; негізгі экономикалық және басқарушылық көрсеткіштерді есептеу дағдыларын меңгеру.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Жер қойнауын тиімді пайдалану: ресурстық, экономикалық, экологиялық және құқықтық факторлар. Минералдық-шикізат саласының негізгі ұғымдары. Пайдалы қазбаларды өндіру және тау-кен бизнесіндегі бәсекелестіктің ерекшеліктері.
  • Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтық қатынастар: азаматтық құқықтың принциптері, көздері, субъектілері мен объектілері. Заңды тұлғалар: олардың түрлері мен нысандары, құқықтары мен міндеттері, тіркеу және тарату. Минералдық-ресурстық сала кәсіпорындарының ұйымдық нысандары.
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру. Барланған қорлардың болуы, олардың өнеркәсіптік-жарамды көлемі мен сапасы, пайдаланудың кешенділігі – жер қойнауын геологиялық зерттеудің нәтижесі ретінде. Қазақстан және шет елдердегі жер қойнауын зерттеу сатылары. Зерттеу объектілері, негізгі нәтижелері және қаржыландыру көздері.
  • Кен орындарын бағалау және барлау кезінде геологиялық зерттеудің әдістері мен техникалық құралдары. Пайдалы қазбалар қорлары және оларды есептеу технологиялары. Геологиялық материалдарды сараптау: пайдалы қазбаның сапасы мен мөлшерін бағалаудың геологиялық негізділігі мен шынайылығы; шикізатты өңдеу технологиясының зерттелуі және тау-кен-инженерлік жағдайлардың зерттелуі.
  • Кен орындарын экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар: қорлары, минералдық шикізаттың сапасы, оның технологиялық қасиеттері, пайдаланудың тау-кен техникалық жағдайлары, кен орындары орналасқан аудандардың географиялық-экономикалық және экологиялық жағдайлары.
  • Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланудың заңнамалық базасы. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға және кен орындарының минералдық шикізатына меншік құқығы: қорлары, минералдық шикізаттың сапасы, оның технологиялық қасиеттері, пайдаланудың тау-кен техникалық жағдайлары, кен орындары орналасқан аудандардың географиялық-экономикалық және экологиялық жағдайлары.
  • Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері.
  • Барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттар. Келісім-шарттың түрлері, қолданылу мерзімі, жасалуы және орындалуы.
  • Келісімшарттың жұмыс бағдарламасы және оның мазмұнына қойылатын негізгі талаптар. Жылдық жұмыс бағдарламалары.
  • Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз.
  • Жер қойнауының мемлекеттік қоры. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттері. Жер қойнауы туралы ақпаратқа меншік құқығы.
  • Мұнай-газ кен орындарын барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастардың ерекшеліктері.
  • Жер асты суларын, бағалы металдар мен асыл тастарды және басқа да пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастардың ерекшеліктері.
  • Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимінің модельдері.
  • Төлеушілер, төлеу тәртібі, пайдалы қазбалардың құнын айқындау.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Құрылтай құжаттарының пакетін дайындау: құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі және құрылтай шарты.
  • Заңды тұлғаның Жарғысын дайындау
  • Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығына өтінім жобасын жасау
  • Нақты объектінің зерттелуі бойынша ақпарат жинау және геологиялық зерттеулердің жұмыс бағдарламасын жасау үшін материалдар дайындау.
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасын жасау
  • Келісімшарттық аумақ туралы жалпы мәліметтер және жеке тапсырмаға сәйкес болжамды геологиялық бөлу ауданының геологиялық құрылысының қысқаша сипаттамасы.
  • Келісімшарттық аумаққа геологиялық бөлу жобасын жасау
  • Нақты перспективалық объект бойынша барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жобасының мәтіні (жеке тапсырмаға сәйкес).
  • Келісім-шарттың қаржы-экономикалық моделін жасау
Негізгі әдебиет
  • Баймаханова Г.А., Сафронова И.П. Основы недропользования. Алматы: КазНТУ. 2007 г. – 93 с.
  • Шумилин М.В., Алискеров В.А., Денисов М.Н. Заверткин В.А. Бизнес в ресурсодобывающих отраслях: Справочник. – М., ООО «Недра-Бизнесцентр», 2011. – 268 с.
  • Кодекс о недрах и недропользовании Республики Казахстан, 2017.
Қосымша әдебиеттер
  • Стратегия Казахстан – 2050. Астана, 2014.
  • Сборник нормативно-правовых актов Республики Казахстан в области недропользования / ред. совет: Е. М. Есимханов, Е. Т. Еркебуланов, Л. М. Махметова и др.; авт. идеи Т. Г. Байгабулов. – Алматы : Раритет, 2011. – 568 с.
  • Конституция Республики Казахстан. Алматы. 1995.
  • Сборник нормативно-правовых актов Республики Казахстан в области недропользования / ред. совет: Е. М. Есимханов, Е. Т. Еркебуланов, Л. М. Махметова и др.; авт. идеи Т. Г. Байгабулов. – Алматы : Раритет, 2011. – 568 с.
  • Концепция развития геологической отрасли Республики Казахстан до 20130 года. – Астана, 2014.