Аймақты геология

Сипаттама: Оқу пәні арнайы геологиялық пән болып табылады, ол жер қыртысының (ЖҚ) жоғарғы бөліктерінің геологиялық құрылымы мен геологиялық тарихын, сондай-ақ Еуропаның шығыс бөлігі мен Азияның солтүстік бөлігі шегіндегі жер қыртысының аймақтық құрылымдарын зерделеуді қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • ТМД және Балтық маңы елдері мен оларға көршілес өңірлердің геологиялық құрылыс ерекшеліктерімен, сол аймақтардың жер қыртысына тиесілі геологиялық құрылымдардың даму заңдылықтарымен, сол сияқты олардағы пайдалы қазба кенорындарының түрлерімен, орналасу ретімен және олардың геологиялық жағдайымен таныстыру.
Міндет
  • ТМД және Балтық маңы елдері аумағының геологиялық құрылыс ерекшеліктері және ондағы пайдалы қазба кенорындарының орналасу орны мен оларды кіріктіретін геологиялық жаралымдардың стратиграфиялық деңгейлермен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пән бойынша алған теориялық білім болашақ кәсіби жұмысында (геологиялық картаға түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу) қолданылады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Республика аумағымен көршілес орналасқан өңірлердің геологиялық ерекшеліктерін жете білу. Геологиялық деректерді салыстыра саралауға, түрлі дәрежедегі тектоникалық құрылымдардың геологиялық даму заңдылықтарын және олардың ауқымында орналасқан пайдалы қазба кенорындарының орналасу заңдылықтарын оқып білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жаралу тегі мен қалыптасу уақыты тұрғысынан әр түрлі елдер аумағында орналасқан ұқсас және деңгейлес кенорындарды бір-бірімен салыстыра талдауға, сөйтіп болашақ маманның нақтылы іс-әрекеттері барысында тиімді нәтижелер алуына болады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - ақпаратты алу, сақтау мен өндеудің әдістерді және құралдарды қолдану; - геоақпараттық технологиялар арқылы әр саладағы жаңа мағлуматтарды алу Болашақта өз бетімен және топта жұмыс тиімді істеу, атқаратын жұмыстар бойынша жауап беру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Әр түрлі дәрежедегі тектоникалық құрылымдардың геологиялық даму заңдылықтарын және олардың ауқымында орналасқан пайдалы қазба кенорындарының орналасу заңдылықтарын туралы тұжырымдау. Әр түрлі мазмұндағы аймақтық геологиялық карталармен жұмыс істей білуге машықтандыру
Негізгі әдебиет
  • 1. Гордиенко И.В. История развития Земли. – Новосибирск: Гео, 2011, 293, с 2. Добрецов Н.Л. Основы тектоники и геодинамики. – Уч. пособие, Новосибирск: НГУ, 2011, 492 с. 3. Милановский Е.Е. Геология России и ближнего зарубежья. - М.: МГУ, 2009. – 446с. 4. Хаин В. Е., Лимонов А. Ф. Региональная геотектоника (тектоника континентов и океанов). — М. : ГЕРС, 2014. — 270 с. 5. Цейслер В.М., Туров А.В. Тектонические структуры на геологической карте России и ближнего зарубежья (Северной Евразии).– М. : КДУ, 2008. – 192 с.