Материалдарды өндірудің физикалық процесстері мен технологиялары

Плотников Сергей Викторович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста материалдарды алудың классикалық емес әдістерінің физика және химия негіздері баяндалады. Нанотехнологиялар, аддитивті технологиялар, композиттік материалдар алу қарастырылады. Механикалық, жылу, электр және магниттік әсерлердің сипаттамасын қамтитын материалдардың пайдалану қасиеттерін арттыру әдістері мен тәсілдеріне ерекше назар аударылады. Материалды баяндау кезінде негізгі назар қарастырылып отырған құбылыстың физикалық мәнін анықтауға бөлінген.

Кредиттер саны: 6

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Магистранттардың бойында материалдарды алу, өдеу және олардың құрамы, құрылымы, технологиялық және қызметтік қасиеттері жайында білімдер жүйесін қалыптастыру, және де магистранттардың алынған білімді практикада қолдануы жайында білім алуын камтамасыз ету
Міндет
  • материалтанудың теориялық негіздерін зерттеу, металдар мен қорытпалардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу және бағалау әдістерін игеру, материалдарды өңдеудің әртүрлі әдістерін теориялық және практикалық игеру, конструкциялық материалдарды және оларды өңдеу әдістерін рациональды таңдаудың принциптерін игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • дисциплинаны оқу нәтижесінде білім алушыларды металдар мен қорытпалардың нақты құрылымын, олардың құрамы, құрылымы, механикалық және қызметтік қасиеттері арасындағы өзара байланысты,қорытпалар теориясы және фазалық түрленулер негіздерін, болаттар мен шойындар, түсті қорытпалар, металемес және басқа да конструкциялық материалдардың қолданылуын, маркалануын, машина тетіктерінің сенімділігі мен шыдамдылығын термиялық, химико-термиялық және т.б. беттік өңдеу түрлерінің көмегімен арттыруәдістерін білуі қажет
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • пәнді оқу нәтижесінде магистрант белгілі бір бұйымды жасауға арналған материалдарды таңдай алуы, тетіктердің қасиетерін белгілі бір бағытқа өзгертуге арналған қажетті өңдеу әдістерін және олардың тиімді режимдерін ұсына алуы, тетіктердің қажетті жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін параметрлерін көрсете алуы, металлографиялық талдау жасауды, материалдардың микроқаттылығын өлшеуді, болаттарға термиялық өңдеулер жасай алуы керек
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • пәнді оқу нәтижесінде магистранттың жаңа конструкциялық материалдарды алу және оларды жетілдірудің тенденциялары жайында және оларды өңдеудің заманауи әдістері жайында көзқарасы болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • пәнді оқу нәтижесінде магистранттың жаңа конструкциялық материалдарды алу және оларды жетілдірудің тенденциялары жайында және оларды өңдеудің заманауи әдістері жайында көзқарасы болуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • пәнді оқу нәтижесінде магистранттың жаңа конструкциялық материалдарды алу және оларды жетілдірудің тенденциялары жайында және оларды өңдеудің заманауи әдістері жайында көзқарасы болуы керек
Негізгі әдебиет
  • А.М. Дальский және т.б. Конструкциялық материалдар технологиясы
  • Дополнительная: 1. Давыдов А. С. Теория твердого тела. - М.: Наука, 1976. 2. Задачи по физике твердого тела. Под ред. Г.Дж. Голдсмита. М.: Наука, 1976 3. Подкладнев В.М. Физика твердого тела. Методические указания к лабораторному практикуму. КазНТУ, Алматы, 2002.