Педагогикалық практика

Сипаттама: Педагогикалық практика – бұл 6М051100 «Маркетинг» бағыты бойынша дайындайтын магистратураның негізгі білім беру бағдарламасының міндетті бөлімі болып табылаты н магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының ажырамас түрі. Ол жоғары мектеп оқытушысының кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, педагогикалық шеберлік негіздерін меңгеруге, оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетімен жүргізу дағдысына бағытталған.

Кредиттер саны: 3

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Педагогикалық тәжірибе тәжірибелік дағдылар мен оқыту әдісін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оның мазмұны теоретикалық білімдерді іске асыруға және студенттік топпен жұмыс жасау дағдыларын және тәжірибелік ептіліктерді жетілдіруге және жоғары дәрежелі мамандарды кәсіби дайындау сапасын арттыруға бағытталған.
Міндет
  • Педагогикалық тәжірибенің негізгі міндеттері: - оқытылатын ғылым ерекшелігін ескеріп, оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын пайдалануға үйрету; - студенттік ұжымдардың психологиялық ерекшеліктерін, студенттің жеке ерекшеліктерінанықтау шеберліктерін бекіту; - студенттермен тәрбиелік жұмыс ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шеберліктерін қалыптастыру; - ЖОО келешек оқытушысының кәсіби маңызды жеке қасиеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Экономикадағы әдіснамалық ғылыми таным жөнінде, экономика құрылымындағы өзгерістердің негізгі қозғаушы күштерін; Экономикалық ғылымдардың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Экономикалық пәндер шеңберінде алынған білімдерді зерделеу, оларды жаңа, таныс емес жағдайларда аналитикалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін қолдану; Оқытушылық қызметте ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану; - эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс т нәтижелерін диссертация, мақала, есеп беру және т. б. түрінде жалпылау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Басқарушылық ғылым негіздері білімін ойлауда және әр түрлі нарықтық жағдайларда шешімдерді қабылдауда, басқару консалтингі, Экономикалық жоспарлауда біріктіру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс; Шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық жеткізе білу; - ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін шет тілін кәсіби деңгейде еркін меңгеру мен жоғары оқу орындарында экономикалық пәндер оқытуды жүзеге асыру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Экономикалық ғылым саласында кәсіптік дағды мен білікті кеңейтуді, білімді тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету тәсілдері, докторантурада білім алуды жалғастыру болып саналады.
Негізгі әдебиет
  • 1. Богачкина, Н. А. Педагогика и психология : учеб. пособие – М. : Омега-Л, 2009. – 233 с.: 2. Григорович, Л. А. Педагогика и психология : учеб. пособие для вузов. – М. : Гардарики, 2004. – 475 с. 3. Гурье, Л. И. Проектирование педагогических систем : учеб. пособие. – Казань : Изд-во Каз. гос. технол. ун-та, 2004. – 206 с. 4. Педагогика : учеб. пособие для студ. вузов, обучающихся по непедагогическим спец. / под ред. П. И. Пидкасистого. М. : Юрайт : Высшее образование, 2009. – 430 с. 5. Подласый, И. П. Педагогика: учебник / И. П. Подласый. – М. : Высшее образование, 2008. – 540 с.