Басқарудағы статистикалық әдістер

Сипаттама: Әртүрлі жаппай экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың даму заңдылықтарын анықтайды, объектінің ағымдағы жағдайын бағалау үшін қажетті нақты мәліметтер береді, болашақта процестер мен құбылыстардың дамуын болжайды. Басқарудың статистикалық әдістері қолда бар ақпаратты мұқият талдай отырып, маманның түйсігін үйлестіретін негізделген стратегиялық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Басқарудағы статистикалық әдістер» курсының мақсаты қазiргi жиынтық әдiстерін білетін, отандық және халықаралық тәжiрибеде қабылданған статистикалық ақпаратты өңдеу және талдау, iс қағаздарды, есеп және санақты жүргiзетін мамандарды әзiрлеу болып табылады.
Міндет
  • - магистранттарды басқарудың сандық әдiстері және iскер санақ пен негізгі тапсырмалармен таныстыру; - статистикалық әдiстер кешенін меңгеруді бақылау, iскер санақтағы жаппай мәлiметтердi топтау; - іскер санақтағы және әлеуметтiк-экономикалық оқиғалар мен процесстердi сандық тарапынан сипаттайтын статистикалық шамалар жүйесiн игеру; - экономика салаларының әр түрлi зерттеулеріндегі статистикалық талдау әдiстерiн қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • сандық ақпаратты компанияларда, оларды өңдеу және қолдану құралдарын пайдалану үрдістерінде
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ақпаратты талдау және есептеулерді жүргізу үшін неғұрлым кең таралған бағдарламалық өнімдерді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруда дағдылар мен біліктіліктерді практикада қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • коммуникативтік міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ақпаратты талдау, синтездеу қабілеті
  • нақты экономикалық және басқарушылық жағдаяттарды статистикалық әдістерді қолдана отырып талдай білу және оларды тиімді шешу жолдарын табу
Негізгі әдебиет
  • 1 Закон Республики Казахстан от 19.03.2010 N 257-IV «О государственной статистике». 2 Агапова Т.Н. Методы статистического изучения структуры сложных систем и ее изменения. – М.: Финансы и статистика, 1996. 3 Анализ временных рядов и прогнозирование: Учеб¬ник /Афанасьев В.Н., Юзбашев М.М. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 228 с. 4 Герчук Я. П. Графические методы в статистике. – М.: Статистика, 1968. 5 Голуб Л.А. Социально-экономическая статистика. М.: Владос, 2001