Кадастр мен жерге орналастырудағы серіктік технологиялар

Сипаттама: Курс жерге орналастыруда және кадастрда жер серіктік технологияларды қолданудың қазіргі заманғы трендтерін тереңдетіп оқытуға, спутниктік өлшеулерді орындау әдістемелерін, технологияларын талдау, координаттарды түрлендіру және жұмыс дәлдігін арттыру, сонымен қатар практикалық қызметте осы технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық есептерді шешу үшін жер серіктік технолоогияларды пайдаланудың теориясы мен іс-тәжірибесі саласында қызметті жүзеге асыру үшін білім мен қабілет беру
Міндет
  • жер серіктік технологияларды қолдану арқылы жұмыстардың негізгі түсініктері мен әдістерін теориялық және іс-тәжірибелік игеру; жер серіктік технологиялардың, аспан және жер геоорталықтандырылған координаталар жүйесінің, GPS и ГЛОНАСС құрылымын, жер серіктік аппаратуранының құрылу тарихын білу, GPS-навигаторларды қолдана отырып геоорталықтандырылған координаталарды анықтауды орындай білу, координаталарды бір жүйеден екінші жүйеге қайтадан өзгерту, GPS-өлшеулерді өңдеу бойынша есептеулер.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • техника мен технология саласында шешім қабылдаудың базалық дағдыларын пайдалану мен қолдануға дайындығы
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • геоақпараттық жүйеде, аэрокосмостық және геодезиялық, мониторингте телекоммуникациялық және жаһандық жер серіктік позициялаулар жүйесін қолдануға дайындығы
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ғылыми зерттеулер негізінде аймақтарды қашықтықтан зондылаумен байланысты жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды өзірлеуге дайындық
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • әзірленген техникалық шешімдер мен жобаларды енгізу арқылы басшылық етуге қабілет
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • геодезия, геодинамика және қашықтықтан зондылау саласындағы құбылыстар мен үдерістерді моделдеу және зерттеуге, модельдер мен үдерістерде байланыстарды математикалық талғап-талдап түсіндіруіне, қолданылатын модельдердің шекараларын анықтауға әзірлік
Негізгі әдебиет
  • К.М. Антонович. Использование спутниковых радионавигационных систем в геодезии. Т.1-2.М.:ФГУП «Картгеоцентр», 2006
  • К.М. Серапинас. Глобальные системы позиционирования. - М.: 2002.