Жерге орналастыру және кадастырдағы компьютерлік технологиялар

Сипаттама: Курс қазіргі заманғы ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдаланып, жерге орналастыру, кадастр және жер мониторингі саласындағы ғылыми және кәсіби қызметке дайын кәсіби картографиялық және геоақпараттық білімді жүйелеу және интеграциялау негізінде болашақ маман – магистранттардың кәсіби мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Ақпараттандырудың, компьютердік өңдеу мен мәліметтерді келтірудің осы заманға сай әдістерін магистранттардың меңгеруі.
Міндет
  • - ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын дамыту; - ақпараттандыру, ақпараттық жүйлер, картографиялық, топографо-геодезиялық, астрономо-геодезиялық және гравиметриялық ақпарттарды жинау мен талдаудың интеграцияланған технологиясының негіздерін меңгеру; - геодезиялық есептерді шешудің жаңа әдістерін дайындау мен зерттеу; - математикалық статистикалық әдістерді қолданумен моделдеу мен талдау дағдыларын дамыту; - топографо-геодезиялық өндіріс технологиялық процестерінің автоматтандыру құралдары мен осы заманға сай әдістерін оқу және меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жер заңдарын білу, жерге орналастыру, кадастрлық жұмыстарды орындау әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бағдарламамен жұмыс ітсей білу қабілеті, кадастр жүргізудің жаңа технологияларын меңгеру, жерге орналастырудағы автоматты жобалау жүйесін білу. Халық шаруашылығы кешенінің шеңберіндегі жер-мүліктік жобалау әрекеттерін жүйелік шешім негізінде атқару қабілеті, Жерді пайдалануды түсіндіру және болжау үшін модель тұрғыза білу, оларды сапалы әрі сандық талдаулармен жүзеге асыра білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жер-мүліктік кешенінінің, қазіргі таңдағы кадастр технологиясының, жерге орналастыру және кадастр саласындағы ғылыми-техникалық саясаттық мәселелерді түсіну. Жер-мүлік қатынастары саласында қазіргі заманғы аспаптармен зерттеу әдістерін пайдаланып, ғылыми–зерттеу және өндірістік өңдеулерді өз бетінше орындай алу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жасалынған техникалық шешімдермен жобаларды ендіруге жетекшілік ету қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ақпараттық технологиялар көмегімен жаңа білімдерді және істей алуды, оның ішінде әрекет шеңберімен тікелей байланысы жоқ жаңа білім салаларын игеру және өзінің іс-жүзіндік әрекетінде пайдалану қабілеті. Жер-мүліктік қатынастар облысында тиімді стратегия жасай бәлу және қарқынды политика қалыптастыра білу қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • MapInfo Professional. Руководство пользователя. Русск. Версия. Москва ООО «ЭСТИ-МАР». 2010
  • Рысбеков К.Б., Солтабаева С.Т. Обработка данных наземной съемки, полученных с электронных тахеометров в комплексе Credo. Мет.указ.для выполнения лабораторных работ по дисциплине Геоинформационные системы – Алматы, КазНТУ, 2005 г.
  • Ерунова М.Г. Географические и земельно-информационные системы. Ч.2. картографирование средствами инструментальной ГИС MapInfo.: Метод. указания / М.Г. Ерунова, А.А. Гостева; Краснояр. гос. аграр. ун-т. – Красноярск, 2004. – 84с.
  • Маликов Б.Н., Пошивайло Я.Г. Составление и подготовка к изданию карт и атласов с использованием компьютерных технологий: Монография. –Новосибирск: СГГА, 2002. – 89с.
  • Кошкарев А.В., Тикунов В.С., Геоинформатика., М.: Картгеоцентр Геодезиздат, 2003, 213 с.
  • Нурпеисова Т.Б., Солтабаева С.Т., Ормамбекова А. Оцифровка карт в программе MapInfo. Мет.указ.для выполнения лабораторных работ по дисциплине Цифровые модели и карты местности – КазНТУ, 2005 г.