Планирование горных работ

Сипаттама: Курс методология мен жоспарлау әдістерін, кәсіпорындарда жедел жоспарлауды, болашақ жоспарлаудың мәні мен кезеңдерін және өндірісті жоспарлау мен өнімді сатуды қамтиды. Тау-кен жұмыстарын тиімді жоспарлау кез келген жерасты кенішінің табысты жұмысының маңызды және көп жағдайда айқындаушы факторы болып табылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • магистранттардың тау-кен кәсіпорындарында тау-кен жұмыстарының жоспарлау әдістері туралы білім алу
Міндет
  • Сату жоспарына сәйкес өнімді шығаруды жоспарлаумен қатар тау-кен жұмыстарын жоспарлаудың әдістері туралы білім беру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • тау-кен кәсіпорындарында тау-кен жұмыстарын жоспарлаудың негізгі әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • өнімді барлық технологиялық тізбекпен құру үшін өндірістік жоспарларды қалыптастыра алу керек; өндіріске кететін шығынды, өзіндік құндылығын және оның рентабельділігін есептей алу керек
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ғылыми-зерттеу қызметіне дағдылану: өндірістік және зерттеу жұмыстарында пайда болатын мәселелі сұрақтарды уақытында айқындау, оларды шешудің тиімді жолдарын анықтау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • тау-кен ісін дамытудағы ақпараттың мәні мен маңызын түсіне алу, ақпаратты қайта өңдеу, сақтау, алу құралдары мен әдістері және негізгі әдістемелерін білу, қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялар мен техникалық жабдықтарды қолдану арқылы коммуникативті мәселелерді шешу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өз бетімен оқу және кәсіби қызметтің барлық кезеңінде біліктілікті жоғарлату, ғылыми, техникалық және әлеуметтік құзырлыққа ие болу, халықаралық және мәдениаралық өзарақатынас тәжірбие алу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жоспарлаудың мәні, мақсаттары мен принциптері
  • Жоспарлау әдістемесі мен әдістері
  • Кәсіпорындарда жедел жоспарлау
  • Болашақ жоспарлаудың мәні мен кезеңдері
  • Жедел және перспективалық жоспарлаудың отандық тәжірибесінің кемшіліктері
  • Тау-кен кәсіпорнының тазарту және дайындық учаскелері бойынша айлық жоспарды әзірлеу тәртібі
  • Өнімді өндіру мен өткізуді жоспарлау
  • Жылдық жоспарды әзірлеу тәртібі
  • Нарықты зерттеу және өткізуді жоспарлау. Персоналды және еңбек өнімділігін жоспарлау.
  • Өнімнің шығындары мен өзіндік құнын жоспарлау
  • Пайданы және рентабельділікті жоспарлау
  • Ғылыми-техникалық жоспарлау
  • Тәуекелді жоспарлау
  • Тау-кен жұмыстарын жоспарлау және оңтайландыру жүйелері
  • Бюджеттік жоспарлау негіздері
Негізгі әдебиет
  • 1. Боркевич В.И. Прогнозирование и планирование экономики: Учебное пособие: Интерпрессервис, 2001. - 380 с. 2. Бухалков М.И. Планирование на предприятии, М.: ИНФРА, 2005. - 416 с. 3. Велесевич В.И., Лихтерман С.С., Ревазов М.А. Планирование на горном предприятии: Издательство «Горная книга», 2005. - 405 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 2 Горный журнал, 2005 - 2020 3 Горный журнал Казахстана ,2006 - 2020 4 Горное дело. Терминологический словарь. М., Недра, 1990, - 694 с. 5 Горно-геологический справочник по разработке рудных месторождений / под ред. А.М. Бейсебаева, М.Ж. Битимбаева, С.Ж. Дукеева. Алматы, ИМСК РК, 1997, т.1., 575 с.